Рас, қазір компьютерді пайдаланбайтын адам жоқ. Жаңа технологияның жетістігі барлық жұмысымызды оңтайландырып, жұмысты дұрыс үйлестіріп отыр емес пе?! «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» кезең.  Компьютердің адам өміріндегі маңызы өте жоғары: қоғамның барлық саласына қажеттігін, әрі оның пайдаларын айтып тауыса алмайсыз. Игілігі көп-ақ. Мәселен, интернет арқылы жылдам байланысу, ақпараттарды тез өңдеу, әртүрлі есептеулер жүргізу, құжаттарды безендіру мүмкіндіктеріне кең жол ашық, ең бастысы уақыт үнемделеді. Жүздеген адамның жұмысын 1 компьютер атқарып отыр.  Қазір елде цифрлық технологияларды енгізу қолға алынып жатқан бірқатар салаларды айта кетсек. Мәселен, ауылшаруашылық саласында көптеген жобалар бар. Келешекте ауылшаруашылық министрлігінде ақпараттық жүйелер, есепті енгізуді және ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, асыл тұқымды жануарлардың есебі, селекциялық жұмыстар, астықты сату және оның есебі, жер және жер қорларының есебі, т.б., жұмыстардың электрондық картасын дайындауға мән беріледі. Осы салада ақпараттық технологиялар жасаумен айналысатын маман Талғат Тілес бізге бұл картаның ерекшеліктерін түсіндіріп берді. Егіс даласының электрондық картасының (өнімділік, топырақ картасы) артықшылықтары орасан. Бұл жағдайда егіс даласының жағдайын талдау, агроөнеркәсіптік жұмыстарды зерделеуге мүмкіндік зор.  Мұның бәрі де жұмысты жеделдету, автоматтандыру, бағдарламалар мен жобалардың барысын, жұмыстың ауқымын бір жерден бақылауға мүмкіндік әрі фермерлердің шығындарын азайтып, өнімділікті жоғарылатуға септігін тигізеді.

Медиаон ақпарат

192 сөз

Возможность сэкономить время

Правда, сейчас нет человека, который не использует компьютер. Неужели успех новой технологии оптимизирует всю работу, правильно совмещает работу?! «Быстрые победы » — под таким из дальнего коллектив. этап. Компьютер имеет большое значение в жизни человека: вы не можете рассказать о необходимости и пользе общества. У нас много блага. Например, в интернете открыт широкий путь к быстрому контакту, быстрой обработке информации, проведению различных расчетов, оформлению документов, а самое главное экономит время. Работа сотен человек выполняет 1 компьютер. Стоит отметить, что сейчас в стране идет внедрение цифровых технологий. Так, существует множество проектов в сфере сельского хозяйства. В перспективе в министерстве сельского хозяйства будет уделено внимание разработке информационных систем, обеспечения внедрения отчетности и оказания государственных услуг в области ветеринарии, учета племенных животных, селекционной работы, реализации и учета зерна, учета земельных и земельных ресурсов и т. д., электронной карты работ. Специалист по созданию информационных технологий в этой сфере Талгат Тлес рассказал нам об особенностях этой карты. Преимущества электронной карты посевных полей (продуктивность, почвенная карта) огромны. В этом случае имеется возможность проанализировать состояние посевных площадей, изучить агропромышленную работу. Все это позволит ускорить работу, автоматизировать, контролировать ход программ и проектов, масштабы работ, снизить затраты фермеров и повысить производительность.

Медиаон информация

197 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *