«MediaON» тарихы

2016 жылы 21 қыркүйекте «Зияткер — Оңтүстік» ЖШС-нің жанынан «MediaON.kz» жастар порталы ретінде құрылды. Сайттың бастапқы мақсаты және аудиториясы — жастармен байланысты нығайтуға, білім саласын дамытуға бағытталды.

2017 жылы «MediaON» Оңтүстік Қазақстан облысының ақпарат саласына толықтай қосылып, меншік иесі «Зияткер — Оңтүстік» ЖШС — нен — «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының балансына өткізілді.

11.12.2017 жылы «MediaON.kz» Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникация министрлігінің «Байланыс, Ақпараттандыру және Бұқаралық Ақпарат Құралдары саласындағы Мемлекеттік Бақылау Комитеті» рұқсатнамасымен ОҚО бойынша — өңірлік Ақпараттық Агенттік ретінде есепке алынды.

№16785-ИА

Негізгі тақырыптық бағыты: ақпараттық, құқықық, сараптамалық

Шығу жиілігі: тәулік бойы

АА тілі: қазақша, орысша, ағылшынша

Тарату аумағы: Интернет желісінде

2018 жылдың 19 маусымына дейін «MediaON.kz» Оңтүстік Қазақстан облыстық ақпарат агенттігі ретінде жұмыс жасады.

2018 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникация министрлігінің шешімімен «Сарын» қоғамдық қайырымдылық қорының бекітуімен (№35/2 құзырлы хаттама, құрылтайшылар кеңесінің өзгерістер енгізу) «MediaON.kz» ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігі (Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бөлінуі нәтижиесінде) статусы: өңірлік ақпарат таратушыдан — республикалық ақпарат таратушыға көшірілді.

Бүгінге дейін Бұқаралық Ақпарат Құралы ретінде өз оқырмандары мен көрермендеріне ақпарат таратып келе жатқан ең ірі интернет медиа-контенттер қатарында.