Елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасында бүгінгі күні «Қазақстан — 2030» стратегиясы мерзімінен бұрын орындалғаны баршамызға мәлім.

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда  аса қысқа мерзімде шештік. Дәл осы «Қазақстан-2030» стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Елдің ЖІӨ 16 еседен астам өсті. Қазақстанның ЖІӨ-нің жыл сайынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ЖІӨ 1500 доллардан 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті. Біз сыртқы сауданың 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол  жеткіздік. Осы жылдар ішінде мұнай өндіру 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік. Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден қорғайтын сенімді қалқанымыз. Бұл – бүгінгі   және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы құны 1 797 млрд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған екі жыл ішінде жалпы көлемі 101,2 млрд. теңге сомасындағы кредит болатын 225 жоба мақұлданды. Біз бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.

Медиаон ақпарат

220 сөз

Путь развития!

Как известно, благодаря лидеру нации Н.А.Назарбаеву сегодня Стратегия «Казахстан — 2030» выполнена досрочно.

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, ОСНОВАННЫЙ НА ОТКРЫТОЙ РЫНОЧНОЙ ЭКОНОМИКЕ С ВЫСОКИМ УРОВНЕМ ИНОСТРАННЫХ ИНВЕСТИЦИЙ И ВНУТРЕННИХ ВЛОЖЕНИЙ. Мы поставили задачу достичь реальных, устойчивых и прогрессивных темпов развития. Мы решили эту задачу в кратчайшие сроки с исторической точки зрения. Именно в этой стратегии «Казахстан-2030» особое внимание было уделено экономическому росту. ВВП страны вырос более чем в 16 раз. Ежегодный рост ВВП Казахстана составил 7,6%, опередив передовые страны. ВВП на душу населения вырос более чем в 7 раз с 1500 долларов до 12 тысяч долларов. Казахстан с самого начала стал лидером в СНГ по объему привлеченных прямых иностранных инвестиций на душу населения. Сегодня это достиг 9200 долларов США. Мы добились роста внешней торговли в 12 раз, а объемов производства промышленной продукции-в 20 раз. За эти годы добыча нефти увеличилась в 3 раза, природного газа-в 5 раз. Мы направили доход от сырьевых ресурсов в Национальный фонд. Это надежный щит для защиты от возможных экономических и финансовых потрясений. Это залог безопасности сегодняшнего и будущего поколения. В рамках программы форсированной индустриализации на общую сумму 1 797 млрд. долл. реализовано 397 инвестиционных проектов на сумму 397 млн. тенге, создано более 44 тыс. рабочих мест. За два года реализации программы «Дорожная карта бизнеса-2020» в общем объеме 101,2 млрд. долл. одобрены 225 проектов, которые будут являться кредитом на сумму 1 млрд. тенге. Мы сегодня являемся страной со средним уровнем доходов населения и динамично развивающейся экономикой.

Медиаон информация

242 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.