Шымкент қаласында 28 мың 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 19 мың 544 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 мың 192-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шымкент қаласында 3602 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі. Шымкент қаласында микрокредитпен 40 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 2 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 200 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар). Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында 5 мың 987 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 467 әлеуметтік жұмыс орындарына, 3280 жастар практикасына және 2240 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Медиаон ақпарат

249 сөз

В Шымкенте реализуется госпрограмма «Еңбек»

В городе Шымкент 28 тыс. 853 человека стали участниками государственной программы «Еңбек» на 2017-2021 годы. Трудоустроено 19 тыс. 544 человек, из них 12 тыс. 192 трудоустроены на постоянные рабочие места. Об этом сообщает пресс-служба Министерства труда и социальной защиты населения РК. В городе Шымкент 3602 человека охвачены в рамках первого направления государственной программы «Енбек», предусматривающей проведение краткосрочных курсов для отдельных категорий граждан с целью формирования профессиональных навыков по профессиям, востребованным на рынке труда. После завершения краткосрочного профессионального обучения центры занятости оказывают содействие участникам государственной программы в трудоустройстве. Основной задачей второго направления государственной программы является развитие предпринимательской инициативы граждан. В его рамках претендентам, реализующим и планирующим реализовать первичный бизнес, а также ранее не получившим финансовую поддержку в рамках других государственных программ, на безвозмездной и безвозвратной основе предоставляются государственные гранты в размере 100 и 200 МРП. Кроме того, в селах и городах предоставляются микрокредиты начинающим предпринимателям, сельскохозяйственным кооперативам и их членам, не достигшим пенсионного возраста, крестьянским и фермерским хозяйствам, имеющим предпринимательский потенциал. В рамках проекта» Бастау-Бизнес » проводится обучение основам предпринимательства для услугополучателей микрокредитов. В городе Шымкент микрокредитом охвачено 40 человек. Государственные гранты до 100 МРП получили 2 участника Государственной программы, до 200 МРП-200 человек (молодежь, члены малообеспеченных и многодетных семей, лица с инвалидностью). Третье направление госпрограммы предусматривает создание рабочих мест, субсидируемых государством для обеспечения занятости отдельных категорий граждан. В рамках его реализации в городе Шымкенте трудоустроено 5 тыс 987 человек, в том числе 467 направлены на социальные рабочие места, 3280 на молодежную практику и 2240 человек на общественные работы.

Медиаон информация

257 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *