Жаңа адами капитал

Spread the love

ХХІ ғасырдың жоғары сапалы және сұранысқа ие дағдылары бар адами капиталды дамыту Қазақстан экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететін басым міндет болып табылады. Қазақстан адами даму индексі жоғары ел болып табылады – 188 елдің арасында 56-орын. Біз әлемнің демографиялық серпіні оң аз ғана елдердің біріміз. Біз экономикалық айналымға қолжетімді адами ресурстарды тарта отырып, дағдарыстан сәтті өттік. Сонымен бірге, бүгінгі таңда халықтың 11% ғана білім экономикасы саласында жұмыс істейді. 5-7 жылдан кейін экономикаға 20-25% «ақылды» жұмыс орындары мен мамандар қажет болады. Бұл бізге қойылатын талап. Таяу он жыл перспективасында кадрлардың біліктілігі мен құзыретілігінің жеткіліксіздігі өсу үшін айтарлықтай кедергі бола алады. Осы реформа шеңберінде біз экономика мен мемлекеттің жақсы даярланған кадрларда ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін қамтамасыз етуіміз тиіс. Аса қағидатты мәселе: білім беру жүйесінің жаңа экономиканың қажеттіліктерімен байланысы.

«Білім беру экономикалық өсудің негізі ретінде» басымдығы

Аталған басымдық мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды:

  • жаппай қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізу;
  • педагогикалық кадрларды даярлау сапасы мен уәждеуді арттыру;
  • білім беруді жаһандық ортаға интеграциялау.

Қазақстанның барлық халқы үшін білімнің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жеке мектепке дейінгі білім беру орындарының желісін дамыту есебінен когнитивті дамытуда және оқуға қызығушылықты ынталандыруда маңызды бастама болатын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту артады. Барлық ниет білдірушілер жұмыс біліктіліктері бойынша тегін техникалық кәсіптік білім ала алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар барлық деңгейлерде білімге қол жеткізе алады. Білім беру жүйесі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ болашақ экономика үшін сұранысқа ие мамандықтар ескеріле отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын икемді қалыптастыру есебінен Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін кадрларды даярлау сапасын жақсартуға бағытталады. Ол үшін функционалдық сауаттылықты, сыни ой-танымды, білім мен дағдыларды нақты өмірде пайдалану қабілетін қалыптастыруға бағытталған, барлық деңгейлерде білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүйелі және тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Медиаон ақпарат

293 сөз

Новый человеческий капитал

Развитие человеческого капитала с высоким качеством и необходимыми навыками ХХІ века является приоритетной задачей, способствующей дальнейшему росту экономики Казахстана. Казахстан является страной с высоким индексом человеческого развития-56 место из 188 стран. Мы являемся одной из немногих стран мира с положительной демографической динамикой. Мы успешно преодолели кризис, привлекая в экономический оборот доступные человеческие ресурсы. Вместе с тем, на сегодняшний день только 11% населения заняты в сфере экономики образования. Через 5-7 лет экономике потребуется 20-25%» умных » рабочих мест и специалистов. Это требование к нам. В ближайшей десятилетней перспективе недостаточная квалификация и компетентность кадров может стать серьезным препятствием для роста. В рамках этой реформы мы должны обеспечить текущие и будущие потребности экономики и государства в хорошо подготовленных кадрах. Самый принципиальный вопрос: связь системы образования с потребностями новой экономики.

Образование как основа экономического роста»

Данный приоритет предусматривает реализацию следующих задач:

* доступ к всестороннему и требуемому образованию;

* повышение мотивации и качества подготовки педагогических кадров;

* интеграция образования в глобальную среду .

Для всего населения Казахстана будет обеспечена доступность и инклюзивность образования. За счет развития сети частных дошкольных учреждений с использованием механизма государственно-частного партнерства увеличится охват детей от 1 года до 6 лет дошкольным образованием, что станет важной инициативой в когнитивном развитии и стимулировании интереса к обучению. Все желающие могут получить бесплатное техническое профессиональное образование по рабочей квалификации. Люди с особыми образовательными потребностями имеют доступ к знаниям всех уровней. Система образования будет направлена на улучшение качества подготовки кадров для модернизации экономики Казахстана за счет повышения конкурентоспособности выпускников, а также гибкого формирования государственного образовательного заказа с учетом специальностей, необходимых для будущей экономики. Для этого проводится системная и постоянная работа по обновлению образовательных программ на всех уровнях, направленная на формирование функциональной грамотности, критического мышления, способности применять знания и навыки в реальной жизни.

Медиаон информация

294 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *