«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды

Spread the love

құрылды

Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Цифрландыру ұлттық экономиканың қозғаушы күші және тұрақты жұмыс орындарын құрушы бола алады. Цифрландыру жұмыс орындарын құрудың жаңа толқынын бастауға мүмкіндік беретін Қазақстан экономикасына жаңа технологиялардың бейімделуі мен оларды әзірлеудің қозғаушы күшіне айналады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды. Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Цифрлық технологиялардың одан әрі интеграциялануы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін өте маңызды. Электронды еңбек биржасы  Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру тұрғысынан электронды еңбек биржасы сәтті жұмыс істеп тұр. Соның нәтижесінде жұмысқа орналастыру процесі екі есеге қысқарды, ал жалпы процедураның өзі айқындана түсті. Электрондық еңбек биржасы арқылы 488 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 350 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ, электронды еңбек шарттары іске қосылып, бүгінде 742 мың электрондық келісімшарт жасалды. Қорытындысы бойынша әлеуметтік еңбек саласында 9,8 млн-нан астам қызмет көрсетілді, ал мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды форматта ұсынылды. Цифрлық жобаларды іске асырудың арқасында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер шамамен 862,2 млн теңге үнемдеді. Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдалану кезіндегі шығындарды үнемдеу 292,4 млн теңгені құрады.

Медиаон ақпарат

254 сөз

В рамках реализации государственной программы » Цифровой Казахстан» создано 8 тыс рабочих мест

В настоящее время возрастающая актуальность цифровизации казахстанской экономики позволит обеспечить дальнейший экономический рост и конкурентоспособность страны на мировой арене. Основным средством достижения этой цели является государственная программа «Цифровой Казахстан». Цифровизация может стать движущей силой национальной экономики и создающей постоянные рабочие места. Цифровизация станет движущей силой адаптации и разработки новых технологий в экономику Казахстана, позволяющей начать новую волну создания рабочих мест. В рамках реализации мероприятий государственной программы «Цифровой Казахстан» создано 8 тысяч рабочих мест. Общий экономический эффект от программы превысил 600 млрд тенге. Достигнуты значительные успехи во внедрении цифровых технологий в сферах предоставления государственных услуг, образования, здравоохранения, финансов, транспорта и горно-металлургической отрасли. Дальнейшая интеграция цифровых технологий очень важна для вхождения Казахстана в число 30-ти наиболее конкурентоспособных стран мира и улучшения благосостояния казахстанцев. Успешно функционирует электронная биржа труда с точки зрения цифровизации социально-трудовой сферы. В результате процесс трудоустройства сократился в два раза, а в целом сама процедура была четко определена. Через электронную биржу труда трудоустроено более 488 тысяч соискателей, из них 350 тысяч человек трудоустроены на постоянные рабочие места. Кроме того, запущены электронные трудовые договоры, на сегодняшний день заключено 742 тысячи электронных договоров. По итогам социально-трудовой сферы оказано более 9,8 млн услуг, а 80% государственных услуг представлены в электронном формате. Благодаря реализации цифровых проектов работодатели и соискатели сэкономили порядка 862,2 млн тенге. Экономия затрат при использовании единой системы учета трудового договора составила 292,4 млн тенге.

Медиаон информация

243 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *