ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді. Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік. Біз бұл міндеттің үдесінен шықтық. Біз бүгін шикізат секторының табысын болашақ экономиканы  құру үшін пайдаланудамыз. Елдің ЖІӨ-де мұнай-газ саласы үлесінің тұрақты өсу қарқыны байқалады, ол 3,7%-дан  14,7%-ға және 25,8%-ға өсті. Біз өткізу нарықтарын әртараптандырып, өз позицияларымызды берік орнықтырдық, сол арқылы өнімімізді өткізудің бір бағытқа тәуелділігін азайттық. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ПЕН БАЙЛАНЫС. Біз инфрақұрылымды дамыту міндетін алға қойдық. Біз мұны да еңсердік. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл – автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т.б. Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз  өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кіріктік. Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл стационарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да, Интернетке де қатысты. «Электрондық үкімет» азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті. Автомобиль жолдары саласын дамытуға 1 263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым теміржол салынды және реконструкцияланды. Қазіргі уақытта біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральдік көлік дәлізін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртудамыз. Біз «Өзен – Түркіменстан шекарасы» теміржол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. «Қорғас – Жетіген» жолын төсеп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, шығыс қақпасын айқара аштық. Біз «Жезқазған – Бейнеу» теміржолын салуды бастадық. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Біз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Осылайша 2030 Стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде.

Медиаон ақпарат

319 сөз

Елбасы Н.А. Назарбаев построил для Казахстана путь развития!

ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ. В Казахстане нефтегазовый комплекс является локомотивом всей экономики и способствует развитию других отраслей. Мы должны были создать современную, эффективную нефтегазовую и горнодобывающую отрасли экономики. Мы вышли из этой задачи. Сегодня мы используем доходы сырьевого сектора для создания будущей экономики. В ВВП страны наблюдается устойчивый темп роста доли нефтегазовой отрасли, который вырос с 3,7% до 14,7% и 25,8%. Мы диверсифицировали рынки сбыта, прочно закрепили свои позиции, тем самым снизили зависимость от одного направления реализации нашей продукции. ИНФРАСТРУКТУРА, ОСОБЕННО ТРАНСПОРТ И СВЯЗЬ. Мы ставили задачу развития инфраструктуры. Мы это преодолели. За прошедшие годы введены в эксплуатацию крупные стратегические объекты промышленной, транспортной инфраструктуры и инфраструктуры жизнедеятельности. Это автомобильные и железнодорожные магистрали, трубопроводы, логистические центры, терминалы, аэропорты, вокзалы, порты и т. д. Все это нашли работу многим казахстанцам, мы вошли в систему региональных и глобальных хозяйственных связей. С каждым годом растет число потребителей телекоммуникаций. Это касается как стационарных телефонов, так и мобильной связи, и интернета. » Электронное правительство » значительно облегчило взаимодействие граждан с государством. На развитие отрасли автомобильных дорог выделено 1 263,1 млрд. долл. тенге. За эти годы построено и реконструировано более 48 тысяч километров дорог общего пользования, а также 1100 километров железных дорог. В настоящее время мы строим магистральный транспортный коридор «Западная Европа – Западный Китай» и модернизируем Новый Шелковый путь. Мы построили железнодорожную линию «Узень-граница Туркменистана» и открыли путь в страны Персидского залива и Большого Востока. Мы построили дорогу «Хоргос-Жетыген», проникнув на рынки Китая и всего Азиатского континента, распахнули Восточные ворота. Мы начали строительство железной дороги «Жезказган-Бейнеу». ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВО. Мы должны кардинально отказаться от традиций управления административно-властной системы и создать современный и эффективный корпус управленцев. Все граждане имеют равные права и возможности, созданная нами система подбора и продвижения кадров обеспечивает более высокий уровень профессионализма и прозрачности деятельности государственного аппарата. Мы добились самостоятельного переворота в государственном управлении, переориентировали его на повышение качества оказания государственных услуг населению. Таким образом, основные задачи, обозначенные в Стратегии 2030, выполнены, остальные находятся на исполнении.

Медиаон информация

328 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *