Әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Spread the love

Қ.Тоқаевтың мақаласы.

Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз. Мен көп жылғы дипломатиялық қызметімде басқа елдердің саясаткерлерімен, түрлі сала мамандарымен жиі кездестім. Шетелдіктермен адамзатқа ортақ көптеген түйткілді мәселелер туралы пікір алмасып, ой бөлістім. Жалпы, олар Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері жөнінде жақсы біледі. Ал, рухани және мәдени құндылықтарымызбен жете таныс емес. Осы орайда «Неге қазақтың бітім-болмысын, мәдениетін Абай арқылы танытпаймыз?», – деген сұрақ туындайды. Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен, орыс әдебиетінен, тарихи еңбектерден сарқылмас нәр алғанын айтады. Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – дейді ол. Бұл ой-тұжырымға ол Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ол отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді. Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады. «Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға. Елордада барлық діннің басын қосып, дәстүрлі жиын өткізіп келе жатқанымызды білесіздер. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен ұлы Абай ұстанымының арасында өзара үйлесімділік бар. Ақынның барша адамзат баласының жан дүниесінің тазалығын сақтауға деген ниеті бәрімізге ой салады. М.Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы Абай бейнесі көркем образ ретінде әлем әдебиетінде жоғары бағаланғаны белгілі. Бірақ бұл – Абайды танудың бір қыры ғана. Нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қарасөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ашылуы керек. Ол әлемнің кең таралған негізгі тілдеріне барлық бояуын сақтай отырып аударылуға тиіс. Бұған біз толық қол жеткізе алдық деп айту қиын. Нағыз ұлт ақындарын өзге тілдерге аудару – оңай шаруа емес. Аудармашы да сол ойшылдың деңгейіндегі талант болуы керек. Біздің абайтанушы ғалымдарымыз, тіл мамандары мен жанашыр азаматтар осы мәселеге ерекше мән бергені жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» – деген болатын. Шынында да, дана ақын шығармалары тек қазақтың ғана емес, бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан-жақты байыта алады. Өйткені Абай туындыларының мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халықтарының ортақ қазынасы. Бұл – классикалық үлгідегі өнегелі ойлар шоғыры. Нақыл сөз, ғибратты сөз, ғақлия сөздер деп әрқилы аталғанымен, бұл – ерекше жанр. Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек. Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуға тиіс. Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп, бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық. Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз. Ең алдымен, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.

Медиаон ақпарат

732 сөз

Личность мировой культуры

Статья К. Токаева.

В их числе политики, государственные и общественные деятели, полководцы, поэты и писатели, деятели искусства и культуры. Среди них особое место занимает Абай. Но мы не сможем достойно представлять наш великий мыслитель на мировом уровне. На протяжении многих лет в дипломатической службе я часто встречался с политиками других стран, специалистами различных сфер. Я обменялся мнениями и мнениями по многим проблемным вопросам, связанным с иностранцами и человечеством. В целом, они хорошо знают о политических и экономических достижениях Казахстана. А мы не знаем духовных и культурных ценностей. В связи с этим, мы не можем проявить себя через Абай, культуру и быт казахского народа.», – возникает вопрос. Абай-выдающийся мудрец мирового уровня, происходивший с казахской земли. Он подарил всему человечеству плоды разума. В этом контексте он глубоко изучил, изучил и изучил труды восточных и западных философов. Он полностью выражает свое отношение к Аллаху в тридцать восьмом черном слове. Ученые-философы-религиоведы, давшие оценку духовному полю Абая, уделяют особое внимание его понятию «Камил-мусульманин». «Мусульмане глубоко убеждены, что» только новое понятие, и не только в отношении мусульман по всему миру должны быть оговорено. И вот наш мыслитель Абай, Хаким Абай-это личность, которая на мировом уровне высок благодаря этому религиозному взгляду. Вы знаете,что в столице мы проводим традиционные сборы, объединяя все религии. Между целью таких мероприятий и позиций великого Абая имеется взаимная гармония. Все мы думаем о том, что поэт должен сохранить чистоту всего человечества. По роману М. Ауэзова «Путь Абая» образ Абая был высоко оценен в мировой литературе как художественный образ. Но это лишь один аспект познания Абая. Для того, чтобы познать настоящего Абая, поэта Абая, необходимо раскрыть смысл мыслей, высказанных в его стихах и сочинениях. Он должен быть переведен на наиболее распространенные основные языки мира с сохранением всей краски. Трудно сказать, что мы смогли достичь этого полностью. Перевод истинных народных поэтов на другие языки-непростая задача. Переводчик также должен быть талантом на уровне того же мыслителя. Наши ученые-абаеведы, языковые специалисты и люди, живущие в мире, должны уделять особое внимание этому вопросу. Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев сказал: «Абай-это не только ученый, внесший неоценимый вклад в духовную сокровищницу казахского народа, но и мудрец, внесший достойный вклад в развитие казахского народа. Абай-удивительная личность из числа мыслителей мирового уровня». Действительно, произведения мудрого поэта могут разносторонне обогатить духовную жизнь не только казахского, но и всего человечества. Потому что содержание произведений Абая наполнено общечеловеческими ценностями. Его черные слова-общее сокровище народов мира. Это-круг нравственных мыслей классического образца. Но, несмотря на то, что слово, мудрое слово, слово, слово, слово, слово, слово, это особый жанр. В своих словах Абай указывает на то, что на духовных высотах, освященных человеческим наследием, а также на Дальнем подъеме. Черный лейтмотив его выступлений – и местный, культуры, гуманизма. Хаким черный Абая альтернативный труда іздесек словам, многострадальный французский мыслитель Монтеньнің записи. Но, если Монтень больше размышлял о своем бытии и личности человека, то главная миссия слова Абая – думать, думать о другом, превратить в целевую позицию. Следовательно, черные слова великого мыслителя — очень ценный труд. В связи с этим, в рамках программы «Дорожная карта бизнеса-2020», в текущем году в Костанайской области будет реализовано 13 проектов на общую сумму более 1 млрд тенге. В настоящее время в эпоху глобализации, в эпоху информационных технологий слово Абая должно думать всем. Важный вклад в развитие различных отраслей науки и образования в мире, имеются лица, признанные в качестве мыслителя всему человечеству. Например, по китайскому-Лао-цзы и Конфуций, по российскому-Достоевскому и Толстому, по французскому-Вольтеру и Руссо. В то же время, как и все иностранцы, должны добиться того, чтобы Казахстан сразу же называл имя Абая. Иные люди Казахского народа – Абая народа» сообщает, что к нам внимания, когда известно, что большая честь. Как и как освятить Абая. Его жизненный путь и подлинное творчество-пример не только казахскому народу, но и всему миру. Абая, человека и общества, образования и науки, и религии, природы и окружающей среды, государства и власти, языка и общения, говорил о мысли-выводы спустя века не теряет значимости. Ведь наследие поэта-это духовный корм всего человечества. Имя Абая в казахском народе барда прославится. Его благородные слова, как духовные богатства, несомненно, будут расти авторитет родной страны перед миром. Прежде всего, мы должны пропагандировать Абая как культурный капитал нации. Не забывайте, что цивилизованные страны ценят бытие, культуру и литературу, духовную культуру казахского народа со степенью и узнаваемостью выдающихся сыновей мирового уровня. Поэтому Абай как бренд нового Казахстана необходимо широко презентовать мировому сообществу. Это священный долг нынешнего поколения.

Медиаон информация

719 слова

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *