ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІНЕН САҚ БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ!

Spread the love

Бүгінгі күні біздің әрқайсысымыз «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл – біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды көрінісі. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Әлемдік дағдарыс біздің мемлекет пен қоғам ретінде орныққанымызды растады. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды. Енді біздің алдымызда жаңа міндет тұр. Біз мемлекетіміздің ұзақ мерзімді кезеңге бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік жалпы ішкі өнім 11 есе өсті. Бүкіләлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер  алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын. Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық. Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда. Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.

Медиаон ақпарат

282 сөз

МЫ ДОЛЖНЫ БЫТЬ ОСТОРОЖНЫ ОТ ДЕСЯТИ ГЛОБАЛЬНЫХ ВЫЗОВОВ XXI ВЕКА!

На сегодняшний день каждый из нас может сказать, что «Стратегия-2030 реализована, современный Казахстан устойчив». Это результат нашего единства, упорного и упорного труда, живое отражение устремлений и надежд. Мы чувствуем гордость за наши достижения. Мировой кризис подтвердил, что мы становились как государство и общество. Наши границы, политическая система, экономическая модель не станут стержнем серьезных разногласий и споров как внутри страны, так и за ее пределами. Теперь перед нами стоит новая задача. Мы должны усилить вектор дальнейшего развития нашего государства, ориентированный на долгосрочный период. В настоящее время человечество сталкивается с новыми глобальными вызовами. Для нашей страны и нашего региона я выделяю десять основных вызовов. Если мы планируем дальнейшее достижение новых успехов в своем развитии, то каждый из них должен обязательно учитывать. Первый вызов-ускорение исторического времени. Историческое время продолжает ускоряться. Мир стремительно меняется и скорость происходящих преобразований удивляет человека. За последние 60 лет численность населения Земли увеличилась в три раза, что на 9 млрд. долларов США к 2050 году. человек достигает. За этот период валовый мировой ВВП вырос в 11 раз. Ускорение мирового исторического процесса всегда открывает перед государствами новые неограниченные возможности, а я горжусь тем, что мы использовали их полностью. За последние 20 лет мы провели более высокие темпы модернизации всех сфер жизни общества. Во многих других странах нам понадобилось 100 лет и 150 лет. Однако до сих пор существуют социальные группы, не вошедшие в общий модернизационный процесс. У него есть и объективные причины. В обществе продолжается ряд дисбалансов, влияющих на моральное состояние и общественные ожидания людей. Мы должны устранить этот дисбаланс и дать возможность всем слоям общества войти в процесс общественной модернизации. Они должны найти свое достойное место в обществе и полностью использовать возможности, предложенные новым политическим курсом.

Медиаон информация

289 слова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *