Бұл басымдық мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды: еңбек ұтқырлығын арттыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шаралары; еңбек делдалдылығының тиімді моделін құру; шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуға қолайлы жағдай жасау. Қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуі бүкіл экономика өнімділігінің өсу негізі болып табылады. Өнімді жұмыспен қамтуды арттыру үшін жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтығандар мамандық алу, біліктілігін өзгерту немесе кадрлар тапшы өңірлерге ерікті қоныстану мүмкіндігін алады. Өнімді жұмыспен қамту нысандарының бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту микрокредиттеуді және тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтиды. Сондай-ақ кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру нәтижесінде босатылатын қызметкерлерді қолдау бойынша шаралар қабылданады. Ең алдымен ауылдық жерлердегі өзін өзі жұмыспен қамтыған халық арасында бейресми жұмыспен қамтуды азайту үшін тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесі, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен қамту, еңбек шарттарын «заңдастыру» оңайлатылады. «Көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі, профилактикалық шаралар кеңейтіледі, «жозықсыз жұмыс берушілер» тізілімі енгізіледі. Салалар, елді мекендер және санаттар арасындағы еңбек ресурстарының ағындарын тиімді басқару еңбек нарығының айқындылығын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту есебінен қамтамасыз етіледі. Электрондық еңбек биржасы енгізіледі, жұмыспен қамту орталықтары автоматтандырылады, кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптерге оқыту, жұмыспен қамту қызметтері енгізіледі. Жеке агенттіктер дамиды. Кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін қайта құрудың өтпелі кезеңінде Қазақстанға білікті қызметкерлерді, ең алдымен шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтарды тарту есебінен құзыреттер тапшылығын қанағаттандыру қажет болады. Шетелдік таланттарды тарту үшін визалар мен жұмысқа рұқсаттарды алу шарттары, мерзімдері мен процестері жақсартылады. Бұл ретте еңбек нарығын заңсыз көшіп келушілерден және біліктілігі төмен қызметкерлерден қорғау шаралары енгізіледі.
Медиаон ақпарат
246 сөз
Приоритет «содействие продуктивной занятости»
Данный приоритет предполагает реализацию следующих задач: повышение трудовой мобильности и другие активные меры содействия занятости; создание эффективной модели трудового посредничества; создание благоприятных условий для привлечения высококвалифицированных кадров из-за рубежа. Основой роста производительности всей экономики является рост производительности имеющихся трудовых ресурсов. Для повышения продуктивной занятости безработные и самозанятые получают возможность получения профессии, изменения квалификации или добровольного переселения в регионы с дефицитом кадров. Развитие массового предпринимательства, как одна из форм продуктивной занятости, включает в себя микрокредитование и обучение основам предпринимательства под руководством опытных бизнес-тренеров. Также будут приняты меры по поддержке высвобождаемых работников в результате модернизации и оцифровки предприятий. В первую очередь, для снижения неформальной занятости среди самозанятого населения в сельской местности будет упрощена система регистрации, учета и налогообложения, охват системой социального обеспечения, «легализация» трудовых договоров. Будет усилена ответственность «теневых» работодателей, расширены профилактические меры, внедрен реестр «недобросовестных работодателей». Эффективное управление потоками трудовых ресурсов между отраслями, населенными пунктами и категориями обеспечивается за счет повышения прозрачности рынка труда и развития его инфраструктуры. Будет внедрена электронная биржа труда, автоматизированы центры занятости, внедрены услуги профессиональной ориентации, обучения востребованным профессиям, занятости. Развиваются частные агентства. В переходный период перестройки системы подготовки и переподготовки кадров необходимо удовлетворение дефицита компетенций за счет привлечения в Казахстан квалифицированных работников, прежде всего казахстанцев, работающих за рубежом. Будут улучшены условия, сроки и процессы получения виз и разрешений на работу для привлечения иностранных талантов. При этом будут внедрены меры защиты рынка труда от незаконных иммигрантов и низкоквалифицированных работников.
Медиаон информация
238 слова