«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында кредиттік тұрғын үй салу.

Spread the love

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жұмыс жасауда. Осы орайда ұлттық қордан кредиттік тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 67 млрд. теңге бөлінген болатын. Бағдарламаның осы бағытының шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың кредиттік тұрғын үй енгізу көлемдері ұлғаятын болады.  Бұл үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Самырұқ-Қазына» ЖМ» АҚ бұрын бөлінген қарыз қаражаттарын қайта бөлу есебінен құрылыстың қаржыландыруын ұлғайту көзделеді. Қаражатты «револьверлік» қағидаты бойынша, әр 2 жылдағы айналысымен пайдалану жоспарланады. Кредиттік тұрғын үйді алу үшін мұқтаж ретінде есепке қою үшін әкімдікке жүгініп, ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде депозит ашу қажет немесе ЕДБ клиенті болу, өйткені салынған кредиттік тұрғын үй  ТұрғынҮй Құрылыс Жинақ Банкінің салымшылары және ТұрғынҮйҚұрылысЖинақтауБанкінінің салымшылары болып табылатын әкімдікте кезекте тұрған адамдар арасында және «7-20-25» бағдарламасы бойынша» қолжетімді бағамен үлестірілетін болады. Осы сілтеме бойынша өтіп, қызметті порталда онлайн алуға және қажетті құжаттар тізімімен танысуға болады. ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінде шот ашу үшін жеке куәлікпен банктің менеджеріне жүгіну қажет. Осылайша, іске асырудың құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 180 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде 140 мың теңгеге дейін құрайтын болады. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Меншікті түрғын үйдің құрылысын ынталандыру үшін әкімдіктерде жер участкесіне кезекте тұрған адамдарға инженерлік коммуникациялары өткізілген учаскелер берілетін болады.  Осы мақсаттар үшін, жыл сайын республикалық бюджеттен көп пәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылымды өткізуге 80 млрд. теңге бөлу көзделді.  Жыл сайынғы қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге  арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, жыл сайын жеке тұрғын үй құрылысына арналған 40 мың жер учаскелеріне электрмен- және сумен жабдықтайтын желілер өткізілетін болады. Сонымен қатар, өңірлердің облыс орталықтары мен перспективті елді мекендерде ЖТҚ пилоттық жобасын іске асыруы басталды. Сәйкес көрсеткіштерімен дайын тұрғын үй сатып алу ниеті туралы кезекте тұрған адамдардың өтініштері негізінде, әкімдіктер кезектегілердің соңғы тізімін қалыптастырады және жергілікті өндірістің материалдарын және Үй құрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану арқылы, бірыңғай сәулеттік стильде бір шаршы метрінің бағасы 120 мың теңгеден аспайтын жеке тұрғын үй құрылысын үйымдастырады. Үйлердің 6 үлгілік жобасы әзірленіп,  әрі қарай қолдану үшін өңірлерге жіберілді. Салынған жеке тұрғын үй жер учаскелерін алуға әкімдіктердің тізімдерінде тұрған азаматтарға  төлеп алуға ұсынылатын болады. Пилоттық жобаға қатысатын кезекте тұрған адамдар дайын тұрғын үйді өз қаражаты есебінен, ЕДБ немесе ТҮҚЖБ ипотекалық қарыздарынан төлеп алады. Тұрғын үйді іске асыру уәкілетті орган бекітетін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан сатып алынған тұрғын үйлерді іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жеке тұрғын үйді салуға жер учаскесін алу үшін әкімдікке жүгініп, жергілікті атқарушы органда есепке тұру қажет. Жеке куәлік көшірмесін ұсынып, өтінішті толтыру қажет, кезектегі адамдар тізімін әкімдіктердің сайттарында көруге болады. ЖТҚ пилоттық жобасынан дайын тұрғын үйді алу үшін әкімдікке жүгініп, жер учаскесіне кезекке тұру және таңдалған үй өлшемдерімен дайын үйді сатып алу ниеті туралы өтініш беру қажет.

Медиаон ақпарат

436 сөз

Строительство кредитного жилья в рамках государственной программы «Нұрлы жол».

По инициативе Елбасы Н.А.Назарбаева в стране активно работает государственная программа «Нұрлы жол». За счет выпуска государственных ценных бумаг из Национального фонда для строительства кредитного жилья введено 67 млрд. долларов США. тенге. В рамках данного направления программы будут увеличены объемы ввода местными исполнительными органами кредитного жилья. Для этого предусматривается увеличение финансирования строительства за счет перераспределения ранее выделенных заемных средств АО» НУХ» Байтерек «и АО» Чу» Самрук-Казына». Средства планируется использовать по принципу» револьверное » обращение через каждые 2 года. Для постановки на учет как нуждающегося для получения кредитного жилья необходимо обратиться в акимат, открыть депозит в Жилстройсбербанке или стать клиентом БВУ, так как построенное кредитное жилье будет распределено по доступной цене среди лиц, состоящих в очереди в акимате, являющихся вкладчиками Жилстройсбербанка и вкладчиками Жилстройсбербанка, и по программе «7-20-25». Пройдя по этой ссылке, услугу можно получить на портале онлайн и ознакомиться со списком необходимых документов. Для открытия счета в Жилстройсбербанке необходимо обратиться к менеджеру банка с удостоверением личности. Таким образом, стоимость реализации будет составлять до 180 тысяч тенге в городах Нур-Султан, Алматы, Атырау, Актау, до 140 тысяч тенге в остальных регионах. Развитие индивидуального жилищного строительства. Для стимулирования строительства собственного жилья в акиматах будут предоставлены участки с подведенными инженерными коммуникациями лицам, стоящим в очереди на земельные участки. Для этих целей ежегодно из республиканского бюджета выделяется 80 млрд. долларов США на подведение необходимой инфраструктуры для районов многоквартирного и индивидуального жилищного строительства. тенге. Ежегодное финансирование составит 20 млрд. долл. тенге. В том числе, ежегодно на 40 тысяч земельных участков, предназначенных для индивидуального жилищного строительства, будут проводиться сети электроснабжения и водоснабжения. Кроме того, начата реализация пилотного проекта ИЖС регионов в областных центрах и перспективных населенных пунктах. На основании заявлений очередников о намерении приобрести готовое жилье с соответствующими показателями, акиматы формируют окончательный список очередников и организуют индивидуальное жилищное строительство с применением материалов местного производства и технологий домостроительных комбинатов, в едином архитектурном стиле стоимостью не более 120 тыс. тенге за один квадратный метр. Разработаны и направлены в регионы для дальнейшего использования 6 типовых проектов домов. Построенный индивидуальный жилой дом будет предоставляться на выкуп земельных участков гражданам, состоящим в списках акиматов. Очередники, участвующие в пилотном проекте, могут оплачивать готовое жилье за счет собственных средств, ипотечные займы БВУ или ЖССБ. Реализация жилья осуществляется в соответствии с правилами реализации жилья, построенного и (или) приобретенного у индивидуальных застройщиков в рамках государственной программы жилищного строительства «Нұрлы жер», утверждаемыми уполномоченным органом. Для получения земельного участка под индивидуальное жилищное строительство необходимо обратиться в акимат и встать на учет в местном исполнительном органе. Необходимо предоставить копию удостоверения личности и заполнить заявление, список очередников можно посмотреть на сайтах акиматов. Для получения готового жилья из пилотного проекта ИЖС необходимо обратиться в акимат, подать заявление о желании встать в очередь на земельный участок и приобрести готовый дом с выбранными критериями жилья.

Медиаон информация

450 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *