Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден,біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
- Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
- Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейілінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
- Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
- Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық Экономикалық Кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау. Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек. Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді. Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы – экономиканың тиімділігінің маңызды факторларының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес – мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты. Аталған модель кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады. Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл – отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам. Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық ІРО» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл – ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі.
Медиаон ақпарат
396 сөз
ВСЕСТОРОННЯЯ ПОДДЕРЖКА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА-ВЕДУЩЕЙ СИЛЫ НАЦИОНАЛЬНОЙ ЭКОНОМИКИ
Отечественное предпринимательство является движущей силой нового экономического курса. Доля малого и среднего бизнеса в экономике должна вырасти, как минимум, в два раза к 2030 году. Во-первых,мы должны создать человеку условия для того, чтобы испытать себя в бизнесе, стать полноценным участником проводимых в стране экономических преобразований, не ожидая того, что для этого государство решит все проблемы. Большое значение имеет повышение уровня деловой культуры и стимулирование предпринимательской инициативы. Для этого необходимы следующие меры::
- Поощрение стремления малого и среднего бизнеса к объединениям и кооперации, создание системы их поддержки и поощрения.
* Поощрение местных бизнес-инициатив и развитие внутреннего рынка за счет минимизации, но жесткого регулирования.
- Предусмотреть внедрение новой, более жесткой системы ответственности для государственных чиновников, создающих искусственные барьеры для бизнеса.
- Совершенствование механизмов поддержки отечественных предпринимателей с учетом новых условий, в том числе нашего участия в Евразийском экономическом пространстве, предстоящего вступления во Всемирную Торговую Организацию (ВТО) и принятие всех необходимых мер для защиты и продвижения их интересов. Задача сегодняшнего дня-создание условий и предпосылок для перехода мелких предприятий и индивидуальных предпринимателей на средний уровень. К сожалению, в настоящее время перекосы в системе налогообложения малого и среднего бизнеса препятствуют их развитию и росту. На законодательной основе необходимо создать условия для саморегулирования вопросов контроля качества предоставляемых бизнесу товаров, работ и услуг. Нам необходимо снять многоуровневую систему принятия судебных решений для потребителей, разработать новую систему защиты их прав. Во-вторых, для построения надежного диалога, основанного на принципе государственно-частного партнерства, необходимо продолжить консолидацию бизнеса, которая решает задачу вовлечения всех предпринимателей в реализацию этой новой стратегии. Анализ международного опыта показывает, что консолидация предпринимателей в палатах – один из важных факторов эффективности экономики, в тех местах, где это сделано, превалирован принцип «сильный бизнес – сильное государство». Данная модель обеспечивает передачу создаваемой Национальной палате предпринимателей широких полномочий и функций государственных органов в сферах профессионально-технического образования, особенно в сельской местности и моногородах, комплексной сервисной поддержки малого бизнеса, внешнеэкономической деятельности. Национальная палата предпринимателей станет надежным и квалифицированным партнером Правительства. В-третьих, государство должно изменить свою роль. Нам нужна вторая волна масштабной приватизации. Это не простой шаг, потому что означает перераспределение ответственности между государством и рынком. Но мы должны идти к этому, чтобы сохранить высокие темпы экономического роста. Частный бизнес всегда и везде действует более эффективно, чем государство. Поэтому мы должны передать в частные руки предприятия и услуги нестратегического характера. Это очень важный шаг для укрепления отечественного предпринимательства. Первым шагом на этом пути стало успешное начало программы «Народное IPO». Это, прежде всего, передача национального богатства в руки народа.
Медиаон информация
406 слов