Жаңа қоғамның жанашыры

Spread the love

Қ.Тоқаевтың мақаласы

Жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайтыны анық. Бұл ретте, ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ, қоғамның дамуына кедергі келтіретін, береке-бірлігімізге іріткі салатын жағымсыз қасиеттерден арылу қажет. Бүгінде дүние жүзінің бірқатар интеллектуалдары классикалық капитализм дағдарысқа тап болғанын ескертіп, оның болашағына күмәнмен қарайды. Себебі әлемде бай мен кедейдің, білімді мен білімсіздің, қала мен ауылдың арасы алшақтап кетті. Бұл үдерістің қарқыны барған сайын күшейіп келеді. Бизнес тек пайда көздесе, білімділер бөлек орта қалыптастырды, әрқайсысы өздері үшін ғана жауапкершілік арқалайтын болды. Қалалар тез өсіп-өркендеп, шағын елді мекендердің дамуы тұралады. Ғалымдар мұның барлығы әлеуметтік жауапкершіліктің әлсірегенінен деп есептейді. Әлеуметтік жауапкершілік қайткенде орнына келеді? Әрине, бұл – оңай шаруа емес. Осы күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. «Толық адам» деген сөз ағылшын тіліндегі «A man of integrity» түсінігіне сай келеді. Бұл – тек өте ілкімді, өзіне сенімді, ізгілік пен жақсылыққа ұмтылатын адамдарға ғана тән сипаттама. Қазір тарап жатқан осы ұғымды Абай сонау он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ түсіндіріп айтты. Адам өмірі тұтасымен түрлі қарым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қарым-қатынас міндетті түрде өзара жауапкершілікті туғызады. Бұл жауапкершілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады. Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы. Осындай таным-түсінікпен өмір сүрген халқымыз өзі қиын жағдайда отырып, өзге ұлттарды бауырына басқан. Өзі асқа жарымай қиналса да, бір тілім нанын бөлісіп жеуді парыз санаған. Үнемі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу бола білген. Осы құндылықтарды дәріптеп, бүгінге жеткізу арқылы халқымыз өзінің ұлт ретінде сақталуы үшін барын салған. Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін. Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі – масылдықпен күрес. Ақын үнемі уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы еңбек арқылы шыңдап отыруды құп көреді. Сонымен қатар, орынды әрекеттің уайым-қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен күрестің психологиялық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған. Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек. Халқымыз еңбектің қадірін біледі. Біз ата-аналарымыздың тылдағы ауыр еңбегі жеңіске жетелеген орасан күшке айналғанын ұмытқан жоқпыз. Қазір де қарапайым еңбек адамдарының үлгілі істері жетерлік. Жақында солардың біразы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ең бастысы, бүгінгідей бейбіт кезеңде әр азамат өзінің еселі еңбегі еліміздің экономикасын ілгерілетуге тікелей ықпал ететінін түсінуі қажет. Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады. Ұлы ойшыл шығармаларында кәсіптен нәсіп тапқандарды, шаруақорлыққа үйрену дағдыларын үлгі етеді. Ол тұрмыс сапасын жақсарту үшін еңбек етудің жаңа тәсілдерін меңгеруге шақырады. Сонымен қатар ақын бастамашылдықты, кәсіптегі адалдықты жоғары қояды. Мысалы, өзінің оныншы қара сөзінде «Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?», – деп тұжырым жасайды. Абайдың ойынша, табыс табу үшін қолөнер үйрену керек. Себебі «мал жұтайды, өнер жұтамайды» (отыз үшінші қара сөз). Ұлы ақынның бұл ойлары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін де өзекті деп санаймын. Сондықтан біз бүгінгі таңда шикізатқа тәуелділік психологиясынан арылуды, шағын және орта бизнесті барынша өркендетуді негізгі басымдықтың бірі ретінде белгілеп отырмыз.

Медиаон ақпарат

597 сөз

Подвижник нового общества

Статья К. Токаева

Очевидно, что ядро нового Казахстана создает новое общество. При этом, в первую очередь, необходимо уделить особое внимание повышению качества нации и повышению конкурентоспособности нашего народа. Кроме того, необходимо избавить от негативных качеств, препятствующих развитию общества, наносящих вред нашему единству. На сегодняшний день ряд интеллектуалов мира предупреждает, что классический капитализм сталкивается с кризисом и сомневается в его будущем. Потому что в мире разошлись между богатыми и бедными, образованными и образованными, городами и деревьями. Темпы этого процесса все более усиливаются. Если Бизнес преследует только прибыль, то образованные образовали отдельную среду, каждая из которых несет ответственность за себя. Города быстро растут и развиваются, развиваются малые населенные пункты. Ученые считают, что все это ослаблено социальной ответственностью. В каких случаях социальная ответственность приходит на место? Конечно, это не так просто. Решение этого сложного вопроса следует искать в Формуле Абая «полный человек». Слово «полный человек «соответствует понятию» A man of integrity» на английском языке. Это характерная характеристика только для тех, кто очень внимательен, увереннее в себе, стремится к добру и доброте. В этом смысле Абай объяснял это понятие уже девятнадцатого века. Жизнь человека в целом состоит из различных отношений. Без этого человек будет отделяться от общества. А отношения в обязательном порядке вызывают взаимную ответственность. Эта ответственность нарушается в том случае, когда в сочетании с эгоизмом, что делает черную голову более крепким. Поэтому Абай сказал: «ум, энергия, живи в равновесии сердца, все, что ты будешь полноценным», – сказал человек, помимо светлого ума и горячей энергии, нуждается в теплом сердце. Эти три понятия он всегда рассматривает в единстве, но предыдущие два должны подчиняться сердцу. Это жизненная философия казахского народа. В то же время, как и в других странах, наш народ, живший с таким пониманием, сам в трудных условиях, переживал другие национальности. Но, несмотря на то, что он не испытывал трудности, он считал долгом поделиться хлебом. В минувшую пятницу аким города Айбек КАРИМОВ провел в селе Мукур выездное заседание, в котором приняли участие секретарь городского маслихата жагипарбек Елюбаев, заместители акима города Димитрий гариков и Зауреш Исабаева, руководители отделов акимата г. семей, представители правоохранительных органов и жители села. Чтобы все эти ценности, за сохранность вложенных в наличие доставка сегодня через свой народ, как нация. Мы должны пересмотреть формулировку Абая «полный человек». В этом направлении наши ученые должны начать новые исследования. Я считаю, что концепция» полный человек», в самом деле, должна стать основой любой сферы нашей жизни, системы управления государством и образования, бизнеса и институтов семьи. В минувшую пятницу аким Семея Айбек КАРИМОВ провел отчетные встречи с населением сразу трех населенных пунктов: новобаженова, шульбинска и приречного. Поэт всегда призывал к безоблачному храбрости, игре-улыбке, быть бодрым. Здравствуйте, есть ее постоянно видит через творчество и фантазию. Кроме того, он доказал, что уместный поступок справляется с тревогой и глубоко проникает к психологическим аспектам борьбы с иждивенчеством. Сейчас мы обратили внимание на эмоциональный интеллект, о котором много говорят. Я горжусь горжусь и горжусь своей психологией, пропагандирую трудолюбие, стремление к поиску знаний. В стихах Абая «Трудишь не губишь, Тояды не желаешь», «еда стоп, нет работы, не умираешь», «ты в себе, вынимай себя, обе стороны труда и ума», хорошо знакомы всем. Каждый человек должен быть твердым в сознании и примером для себя своим неустанным, честным трудом. Наш народ знает честь труда. Мы не забываем, что труд наших родителей в тылу стал огромной силой, победившей победу. И сейчас у простых людей есть примерные дела. На днях многие из них были награждены государственными наградами. И самое главное, как и сегодня, в мирный период каждый гражданин должен понимать, что его труд напрямую влияет на продвижение экономики страны. Абай является ядром своего времени, мотиватором трудолюбия. В своих произведениях великие мыслители делают пример для тех, кто добился профессии, привыкал к крестьянам. Он призывает осваивать новые подходы к труду для улучшения качества жизни. Также поэт проявляет инициативу, честность в профессии. В своей десятой черной речи он сказал: «Если бы он не работал, не искал, не находил бы места, кто бы не был богатым?» сделает вывод. По мнению Абая, для того, чтобы заработать, нужно научиться ремеслу. Потому что «скот глотает, искусство глотает» (тридцать третье черное слово). Я считаю, что эти мысли великого поэта актуальны и для общества современного Казахстана. Поэтому мы сегодня как один из основных приоритетов обозначим избавление от психологии сырьевой зависимости, максимальное развитие малого и среднего бизнеса.

Медиаон информация

702 слов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *