Бозарық шағынауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қазір мұнда мемлекет бюджеті есебінен – 49, жеке инвесторлар тарапынан – 58 көпқабатты тұрғын үй салынуда.

190

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов елдімекеннің даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Биыл шағынауданында 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жоспарланған.
Жыл соңына дейін олардың 5-еуінің құрылысы аяқталады. Былтырғы жылы осы аумаққа газ, су, электр, кәріз жүйелері жүргізілген, қазір мұнда ішкі орам жолдары салынуда. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта шағынауданда мектеп, емхана, спорт кешені бой көтереді. Құрылыс қарқынымен танысқан қала әкімі жауаптыларға, ең алдымен, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жылдамдатуды ескертті.Еліміздің өзге өңір мен қалаларында су мен кәріз шаруашылығында қызмет ететін мамандарды салыстырғанда жер мен көктей айырмашылықты көреміз. Алматы қаласында 2 млн-нан астам халыққа 4500 су шаруашылық маманы қызмет етеді. Астанада 1,3 млн тұрғынға 1984, Қарағанды қаласында 500 мыңнан астам халыққа 1819 су шаруашылығының қызметкерлері қызмет көрсетеді. Шымкентте 1,1 млн тұрғынға небәрі 1025 адам қызмет көрсетіп жатыр. Мұндай жетістікке заманауи технологияны, цифрландыру жүйесін тиімді қолданудың арқасында жетіп жатырмыз. Қаламыздағы тұтынушылардың 70,6 пайыздан астамы бір адамға айына 268 теңгеден төлейді. Бұл халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысының 0,19 пайызын құрайды, -деді «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесінің бас директоры А.Орман.
«Су ресурстары-Маркетинг» мекемесі еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру бойынша ең ірі қазақстандық оператор болғандықтан өзге өңірлер мен көрші елдерден тәжірибе үйренуге мамандар жиі келеді екен. Ал, мекеменің 2023-2026 жылға дейінгі жоспарлары айқын. Оңың ішінде 13,7 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл қаржыға биогаз және табиғи газ негізінде жылына 5,0 млн.кВт электр энергиясын өндіру, 41,3 шақырым су құбыры мен 5,6 шақырым кәріз желілерін қайта құру, «Ақылды есептегіштерді» орната отырып, заңды тұлғалардың суды есепке алуды толық автоматтандыру, су құбырының тозу дәрежесін 46,6 пайызға және кәріздің тозуын 76,9 пайызға дейін төмендету жоспарларын жүзеге асырмақ.
Сондай-ақ жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан көпқабатты үйлердің эскизін бекітіп, барлық нысандардың сапасын, сәулеттік ерекшеліктерін қадағалауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.