Басты бет > Саясат > (6) Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленуіне байланысты – шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес!

(6) Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленуіне байланысты – шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес!

    Шырайлы Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленуіне байланысты шаһарда Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қалаға жаңадан жеткізілетін автобустар мен жаңа бағыттарға қатынау шаралары бойынша қоғамдық кеңес өтті. Басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев қалалық әкімдікте өткен Қоғамдық кеңес отырысында 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына байланысты келетін қонақтар мен қала тұрғындарының оңтайлы қатынауы бойынша біршама жұмыстардың қарқынды жүйемен жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

    Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев жүргізген жиында кеңес мүшелері алдымен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісовтың есебін тыңдап,  күн тәртібінде қаралған негізгі – білім, жол жөндеу мәселелерін талқылады.

    Қалалық білім басқармасының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева кеңес мүшелерінің бала тәрбиесі, білім беру мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беріп, өз ойымен бөлісті

    Ал қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова “Сәулет басқармасының геосервисі” ақпараттық жүйесінің қазіргі жай-күйін талдап, орын алып отырған проблемалардың шешілу жолдарын баяндады.

    Кеңес мүшелері жиында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық нысандарының қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін белгілеу, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы ҚР Үкіметі бекіткен нұсқаулықтарды есепке алды.

Медиаон ақпарат