Шымкент: жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері алдағы жоспарларымен бөлісті

0

Таяуда бокстан және батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар жеңімпаз және жүлдегер атанған болатын. Бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы Нұрасыл Төлебек, батуттық гимнастикадан әлем чемпионатының қола жүлдегері Анель Саттарова жарысты қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов биыл жоғары жетістіктер болғанын атап өтіп, алдағы жоспарлардан хабардар етті.

—2023 жыл қала спортшылары оң көрсеткіштерге қол жеткізді. Ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында да жетістіктер бар. Азия ойындарында бірқатар спорт түрлерінен тарихи жетістіктер болды. Жылдың соңына қарай жасөспірімдер арасында Нұрасыл Төлебек пен Анель Саттарова әлемдік сайыстан жүлдемен оралды. ҚР 6-шы Жазғы Спартакиадасында шаһар спортшылары спорттың 27 түрінен 72 алтын, 63 күміс, 55 қола медальмен  Алматы қаласынан кейін екінші орында келеді, — деді Ермек Аманжолұлы.

2023 жылдың 11 айында қала спортшылары ҚР чемпионаттарында 634 алтын, 497 күміс, 574 қола медаль жеңіп алды. Әлем чемпионатында 53 алтын, 56 күміс, 61 қола жүлде еншіледі.

Есепті кезеңде 3 ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 28 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 119 ҚР спорт шебері дайындалды.

Баспасөз брифингінде жас дарынды спортшылар — Н.Төлебек пен А.Саттарова әлем чемпионатынан алған әсерлерімен бөлісті. Жас спортшылардың бапкерлері — Думан Байтелиев пен Ринат Валиахметов алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындыққа кірісетіндіктерін мәлімдеді. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, жас спортшылар келесі жылы ҚР чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде бақ сынайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *