Шымкент қаласы Абай ауданы Қайнарбұлақ елді мекенінде тұрғындарға тұрмыстық жағдайда газды қауіпсіз пайдалану, газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «QazaqGaz aimaq» акционерлік қоғамына тұрғындар тарапына түскен шағым бойынша сала мамандары жауап берді. Шағымның негізі газға қосылмаған тұрғын үйлерден түскен. Ал, оның басты себебі тұтынушылардың газ қондырғыдарының толық дайындамауынан дейді.
– Құжаттар 100 пайыз дайын болуы тиіс. Одан бөлек, табиғи ғазға және улы газға арналған сигнализаторлар, желдету арналары болмаса газға қосылуға мүмкіншілік жоқ. Оны тұрғындар өздері дайындалуы тиіс. Біз құжатта келісілген талап бойынша барлығын орындап жатырмыз. Алдағы уақытта барлық тұрғын үйлер газға қосылады. Қазіргі таңда 1 жарым мыңға жуық тұрғын үйге толық газ берілді. 500 ден аса тұрғын үйдің құжаты қабылданды, 400 ге жуығы қосылды. Қалған қосу жұмыстары атқарылып жатыр. Мамандардың қауіпсіздік шараларын тексеру барысында талапқа сай келген тұрғын үй болса, қосылу кешеуілдемейді,-дейді «QazaqGaz aimaq» акционерлік қоғамының өкілі Ерлан Қуандықов.
Айта кету керек, техникалық шарт онлайн және офлайн түрде беріледі. «QazaqGaz aimaq» филиалынан 5 күннің ішінде тегін алу мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы, Қайнарбұлақ елді мекенінде 8 мыңнан аса абонемент тұрады. 250 көшеде 50-ден аса үй төрайымдарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бұл елді мекен 100 пайызға газбен қамтылды. Ендігі мақсат, әр тұрғын үйге жеке-жеке орнату болып табылады.