2024 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 181,2 миллиард теңгеге 114 жоба немесе 154 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 97 нысан жылдың соңына дейін аяқталады, ал қалған 57 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Жоспар аясында 92 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ. Бұл үйлердің жалпы ауданы 379,2 мың шаршы метрді құрайды, 4 830 пәтерден тұрады. Биыл 55 үй (161,9 мың шаршы метр, 2 094 пәтер) пайдалануға берілді. Қалған 37 үй (217,2 мың шаршы метр, 2 736 пәтер) 2025 жылға өтпелі. Тұрғын үй құрылысы Тұран, Бозарық және Ақжайық шағын аудандарында жүзеге асырылуда. Арендалық тұрғын үйлердің саны 2 (180 пәтер), ал кредиттік тұрғын үйлер саны 90 (4 650 пәтер). Сонымен қатар, жұмыс істейтін жастар мен әлеуметтік осал топтарға 1 514 пәтер сатып алуға 29,6 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1 454 пәтер сатып алынды, оның ішінде 454-і жастарға, ал 1 000-ы әлеуметтік осал топтарға тиесілі. Қалған 60 пәтерді сатып алу бойынша конкурс өткізіліп жатыр. Құрылыс саласында тек тұрғын үйлермен шектелмей, инженерлік инфрақұрылым, білім беру, мәдениет, спорт нысандарының құрылысы да қарқынды жүргізіледі. 2024 жылы 13 инженерлік инфрақұрылым жүйесінің, 12 білім беру нысанының, 5 мәдениет нысанының, 2 спорт нысанының және 1 саябақтың құрылысы жоспарланған. Осы нысандардың басым бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұған қоса, 18 «Жайлы мектеп» жобасының 11-і аяқталмақ. ЖСҚ әзірлеу бойынша 12 жоба қарастырылған, оның 8-і аяқталуға жақын. 2024 жылы Шымкент қаласында құрылыс саласындағы бұл ауқымды жұмыстар қаланың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *