Қазақстанда алдағы үш тәулікте, яғни 13-15 мамыр аралығында +44 градусқа дейін қатты ыстық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының келуі Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады. 

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: 15 мамыр күні күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44 градус, орталық өңірлерде +35…+38 градус, тіпті Ақмола облысында +30…+35 градус ыстық күтіледі, – делінген 13-15 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамында.

Алайда жазғы ауа райынан бәрі бірдей ләззат ала алмайды: батыс және еліміздің солтүстік шеткі аймақтарына циклон мен соған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан бұл өңірлерде найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *