Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ елдімекеніндегі 2000 орындық жайлы мектептің ашылуына қатысты. №149 Жалпы білім беретін орта мектепте интерактивті тақталар орнатылған 80 оқу кабинеті, асхана, бірнеше лингафондық компьютерлік сыныптар, зертханалық жұмыстарға арналған кабинеттер, кітапхана, шеберханалар, коворкинг-орталық қарастырылған. Спорттық инфрақұрылымға төрт зал және ашық ойындар мен ашық алаңдар кіреді. Сондай-ақ, қосымша сабақтар өткізу үшін кабинеттер де бар. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған