Шымкент қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жеке инвестиция есебінен салынған жаңа терминалдың әлеуеті зор. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне көпшілік куә болды.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков инфрақұрылымдық үлкен маңызды жобаның іске қосылуы басқа салаларға да серпін беретінін атап өтті.

-Бұл бәріміз үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға. Өйткені, жаңа терминал қаламыздың экономикалық дамуына жол ашады. Жеке инвестиция есебінен салынған жаңа нысан қаланың көркеюіне де өз септігін тигізеді. Бұл нысанды қала халқы көптен күтті. Осы инфрақұрылым арқылы басқа да салалар дамиды деп сенеміз. Жаңа терминал бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың да игілігіне қызмет етеді.

Осы жобаға еңбегін сіңірген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді қала әкімі.

Бұл заманауи кешен сағатына 2 000 жолаушыға қызмет көрсете алады. Оған қоса бір мезгілде 10 ұшақты қабылдай алатын тұрағы бар жаңа перрон да ашылды. Жобаға салынған жеке инвестициялық қаржы тиімді жұмсалды. Соның арқасында барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, ыңғайлы және технологиялық инфрақұрылым нысаны салынды. Мұнда жолаушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес, барлық қызмет түрлері көретіледі.

“Scat” әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов та жолаушыларға барлық қолайлы жағдайлар жасала беретінін айтты.

Іс-шара соңында терминалға алғашқы жолаушыларды қабылдау және алғашқы рейске жолаушыларды тіркеу рәсімі жүргізіліп, терминалға саяхат ұйымдастырылды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *