Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы халықаралық серіктестікті дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері ұйымдастырылған 97 кездесу нәтижесінде Ресей, Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Италия, Үндістан, Жапония, Австралия, Бельгия, Қырғызстан, Чехия және Тәжікстан елдерінің өкілдерімен ынтымақтастық орнатылды. Сонымен қатар, қала 15 шетелдік қалаға бауырластық қатынас орнатып, мәдени және экономикалық серіктестікті нығайтты. Бұл қалалардың қатарында Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенейдж, Измир, Эскишехир, Адана, Балыкесир, Генуя, Паттайя, Ахарнон, Гроссетто, Сиань, Ош және Ванадзор бар. Сонымен қатар, креативті индустрияны қолдау мақсатында шілде айынан бастап әр сенбі күні Арбат жаяу жүргіншілер аумағы мен «City Mall» сауда орталығында жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Бұл шаралар шығармашылық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың өнімдерін монетизацияға шығару мен көлеңкелі саудадан шығуға мүмкіндік беруде. Қала экономикасына серпін беріп, жастар мен туристер арасында танымал шараға айналған бұл бастама Шымкенттің шығармашылық әлеуетін арттырып отыр. Сыртқы байланыстарды нығайту мен креативті индустрияны дамыту Шымкентті халықаралық деңгейде мәдени және экономикалық орталыққа айналдырудың маңызды қадамдарына айналды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *