ЖОЛДАУ: ШЫМКЕНТ: ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Spread the love

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда  27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық орындалып отыр. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 1300 гектарға артып отыр.

Оның ішінде,  дәнді дақылдардың егіс көлемі – 12 489,1 мың га, майлы дақылдар – 3 568,3 га,  көкөніс пен бақша – 2566,3 га, картоп –349,9 га,  малға азық болар дақылдар – 6 679,5 га.

Сонымен қатар, агро саланы дамыту бағытында қолға алынған бағдарламалар да өз нәтижесін беріп келеді. Шаруаларды жанар жағар маймен, субсидиямен қамту ісінде де ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кедергісіз өнім жинау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мың тонна жанар – жағар май бөлінген (1 литр бағасы -161 теңге).  Ал шаруаларға 89,7 млн. теңгеге 1 210 тонна  тыңайтқыш  субсидияланды.

Нәтижесінде ағымдағы жоспарланған 72 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының 59,3 мың тоннасы бүгінгі таңда жиналды. Оның ішінде 14 мың тонна дәнді дақылдар, 2,4 мың тонна майлы дақылдар, 2,4 мың тонна картоп, 10,8 мың тонна мал азығы және 29,7 мың тонна ашық топырақтағы және жабық топырақтағы  көкөністер мен бақша өнімдері бар.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *