Жетісай көшелерін жаңбыр суы басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады Қазгидромет: Наурыздың 21-і күнгі күн райы болжамы Сенатор жер асты суының ластану проблемасын шешуді бақылауда ұстайтын болады «Қазгидромет» наурыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады Түркістан облысы, Жетісай ауданында екі-үш күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан көптеген көшені су басып жатыр. Жауын мөлшерінің шамадан тыс болуына байланысты үйлердің аулаларын су алып кеткен. «Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссия құрып, жедел жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшелерді су басуына байланысты жедел желі іске қосылды», — дейді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламады. Ал төтенше жағдай қызметінің мамандары мотопомпалар арқылы тәулік бойы көшеге таралған суды сору жұмыстарын атқарып жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.