Қала, аудан әкімдіктерімен және басқа құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу мақсатында облыс әкімімен бекітілген жоспарға және облыстық ТЖК отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілуде.
2022 жылы шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен ЖАО, Полиция департаменттері және басқа да ұйымдармен бірлескен жоспарлар бекітілген.
Атап айтатын болсақ, бүгінгі таңда 1796 рейдтік жұмыстар, 33 – теледидардан және радиодан сөйлеу, 6 – брифинг, 82 көрнекі стендтер, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша әлеуметтік желілерде 11 — бейнеролик орналастырылды, 41 740 — үгіт-насихат материалдары таратылды, 128 — интерактивті сабақ, газетте және журналдар мен БАҚ-да – 684 мақала жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 440 бабы бойынша 184 жеке тұлғаға 2 млн.052 мың 210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, 364-бап «ескерту» бойынша 218 жеке тұлғаға берілді.
Сонымен қатар, аталған жоспарды жүзеге асыру барысында Арыс қаласы және Шардара, Жеьісай ауданы әкімдігімен 33 дана каркасты бассейндер сатып алынып, шомылу орындары жоқ елді-мекендерде орнатылды.
Сонымен қатар, айта кету қажет Отырар, Арыс аудандарында жұмыспен қамту орталығынан ЖҚЖ-ның оқытуымен 33 жасақшылар құтқарушылар (спасатели дружинников) дайындалды.
Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан биылғы жылдың басынан облыс аумағында 10 (2021 ж. – 29) жағдайы тіркелді. Ең өкініштісі, қайтыс болғандардың арасында 7 (2021 ж. – 21) кәмелетке толмаған бала болып отыр.
Жағдай өткен жылмен салыстырғанда жағдай 34% — ға азайды. Сондай-ақ, су айдындары маңында жүрген 200-ге жуық бала ата-анасына тапсырылды.