Жазғы өрт маусымына байланысты ауыл округі әкімшіліктерінің дайындықтарына қайталап пысықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда егін ору науқаны басталуына орай, барлық ауыл округтерінің ерікті өрт сөндіру жасақтарының және техникаларының дайындығына оқу –жаттығулар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша, жайылымдық пен егістік жер көлемі ең үлкен аумақ болып есептелетін Бөржар ауыл округінен құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығы тексерілді. Негізгі мақсатымыз егістік алқаптар мен жайылымдық жерлерді тілсіз жаудан сақтап қалу болып есептеледі.
Аудан тұрғындарынан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауларын сұранамыз.
