Шымкенттік 40 жас сарбазды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына салтанатты рәсіммен шығарып салды. Оқушылар сарайында өткен кешке қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, Қарулы Күштер ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер кеңесінің төрағалары, сондай-ақ әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары қатысты.

134

 

Жиында сөз алған қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Ә.Шегебаев жас сарбаздарға сәттілік тіледі.
– Әскер – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер азамат қауіп төнген сәтте өз отбасы мен Отанын қорғауға дайын болуы керек. Ал болашақ жауынгерлердің әскери дайындығын ширатып, Отан қорғайтын батыр, рухы мықты сарбаздарды дайындау — бізге жүктелген міндет, — деді полковник Ә.Шегебаев.
Қарулы күштер сапында қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұны жете түсінген жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге сақадай сай. Салтанатты жиында өнерпаздар әннен шашу шашты. Ал, 35748 әскери бөлімінің оркестрі бірнеше музыкалық шығарманы орындап, қару қолданудың түрлі әдіс-тәсілін көрсетті.

Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданда қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен әкелеріміз, аталарымыз бен бабаларымызды еске алу құрметіне арналған «Ер есімі – ел есінде» онлайн-платформасында қазақстандық батырлар туралы барлық ақпараттар бар. Осы уақыт аралығында мұнда 3,5 мыңнан астам ҰОС және тыл ардагерлері жайлы мағлұмат жинақталған.

9 мамырда онлайн шеруге қатысу үшін https://batyrlargatagzym.el.kz/forma/ сілтемесі бойынша өтіп, өтінішіңіз бен кейіпкеріңіз жайлы ақпараттар қалдыруға болады.

Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттен ҚР ҰҚК шекара қызметінің қатарына 18- 27 жас аралығындағы 200-ге жуық азамат шақырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.