Шымкент қаласында 9 мамыр — Жеңіс күніне орай шинкиокушинкай каратэден жасөспірімдер, жастар арасындағы қалалық ашық турнир өтіп жатыр. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Шымкент қаласының кекушинкай каратэ федерациясы бірлесе ұйымдастырған сайысқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 500-ге жуық спортшы бақ сынауға келген.

Жарыстың ашылу рәсімінде ҚР каратэ федерациясының вице-президенті Талғар Ахмадиев, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов, ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төраға орынбасары Есебалы Алиев көпшілікті бүгінгі мерекемен құттықтап, аталған спорт түрлері елімізде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Шымкент қаласының өзінде 600-ден астам жасөспірім осы спорт түрімен шұғылданады.

Жарыс бұқаралық спортты дамыту, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және спортшыларды алдағы додаларға іріктеуді мақсат еткен. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Спорттық каратэ денесі шымыр, рухы өр жас буынды тәрбиелеп келеді. Шығыс жекпе-жегінің бұл түрі жас өспірімдер арасында кең тараған. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған сайыс болашақ чемпиондарға үлкен спортқа жолдама болмақ.

Жас қорытындысында 6-7 жас аралығындағы спортшылар сынында Ангелина Головатова, Асылзат Гаппар, Алим Жалмурзин сынды каратэшілер үздік деп танылса, 8-9 жас аралығындағы каратэшілер бәсекесінде Адэля Мерсатова, Томирис Құрметова, Роман Острец, Байсал Еслямов сияқты спортшыларға тең келер жан болмады.

Одан бөлек, 10-11 жас аралығында Мадияр Жүнисәли, Арман Иргусаев, Айзере Аралбай, Бақыт Қуаныш, 12-13 жас аралығында Мерлан Шегербаев, Габдулла Габдуллин, Регина Тугаева, 14-15 жас аралығында Али Жалмурзин, Владислав Качурин жеңіс тұғырынан көрінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.