Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастырумен Шардара қаласы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесіп, Шардара аумағында орналасқан сауда нысандарының басшыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, базарларда азық-түлік дүкендері, құрылыс заттар дүкендеріне өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлердің өрт қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді. ”КЕУиК” орталық базарының басшысына өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ұсыным табысталды.

Келес аудандық «АМАНАТ» партиясы филиалының төрағасы А.Жұмабековтің қатысуымен мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында, Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу керектігі айтылды.

 

«Базарларда өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмыстары жалғасуда»

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен Сайрам ауданы, Ақсу ауылында орналасқан «Керзібай қажы»базарының қызметкерлеріне және адамдар көп шоғырланатын орындарда ауыл тұрғындарына және қонақтарына «Өрт қауіпсіздігі» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

 

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен №10 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Өрт қауіпсіздігі айлығында аудан тұрғындарына Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, Жылыту маусымына дайындық мақсаттарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты

 

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен Шардара қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, сауда нысандарында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша және аудан аумағына балық аулауға келген қонақтар мен аудан тұрғындарына судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.

 

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт ауданындағы филиалы директоры С.Мамытбеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, құрылыс бөлімі өкілдерінің және аудан аумағындағы сауда орталықтары мен базарлар меңгерушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шарада сауда орталықтары мен базарларда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жеке кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жасалды.

 

2022 жылдың 21 қыркүйек күні Сайрам ауданы, Ақсу ауылында орналасқан «Керзібай қажы» базарында Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Төтенше жағдайлар басқармасынан 12 жеке құрам, №6 Өрт сөндіру бөлімінен 5 офицерлік құрам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын.
Осыған орай, бүгін «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізілді.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.

 

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
📍 Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Аудан әкімшілігі қызметкерлері бірлесіп, Жетісай қаласындағы “Күлпаршын” базарында орын алған жағдайға байланысты аудан аумағындағы ірі сауда орындары мен адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, “Дәулет” базары мен “Алып” сауда қалашығының саудагерлеріне және Сарыағаш ауданының тұрғындары мен қонақтарына “Өрт қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынама парақшаларын таратты

 

Орын алған кемшіліктер жойылуда.

Кентау қаласының әкімі Ж.Тасовтың төрағалығымен өткізілген аппараттық мәжілісте Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.Төлегенов қала аумағындағы, базарлардағы өрт қауіпсіздігі бойынша және өзекті мәселелер бойынша баяндады. Аппараттық мәжілісте көтерілген өзекті мәселелер:
1. Шұғыл қызметтердің жедел әрекет етуіне кедергі келтіретін жайттардың бірі, ол қаладағы қысқа көшелердің маңына, базардың аумағында көлік құралдарын ретсіз қойылуы, көпқабатты тұрғын үй ғимараттар ауласында ағаш бұтақтарының ретсіз өсуі, автокөліктерге кіруге арналған жолдардың уақытша бөгде заттармен (плита, шлагбаум, теміртосқауылдар т.б.) қоршалуы, көше бойларында қандайда бір жөндеу жұмыстары кезінде арнайы қызметтерге уақытылы хабарламауы
2. Қаладағы өрт гидранттарының толық жұмыс істемеуі, көпшілігі жолды жөндеу жұмыстары кезінде көміліп қалуы.
Қорытындысымен қала әкімі орын алған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл түрде орындау бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі уақытта көп қабатты тұрғын үйлерге кіретін жолдардағы жылу құбырлары кедергі келтірмейтіндей көтерілді, бетондар мен шлагбаумдар алынды. «Ащысай Су» МКК-мен өрт гидранттарын қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

Сауда орындарында болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы
профилактикалық шаралары қабылданды.

Кентау қаласында орналасқан адамдар жаппай жиналатын «Береке» базары, «Салиха ана» «Қазына», «Байсал Керім», «Нұргелді» «Сали Алпамыс» үлкен сауда үйлер, сауда орталықтарында болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы профилактикалық шаралары жүргізілді.
Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері ұйымдастыруымен, Кентау қалалық кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлері, қалалық полиция бөлімінің патрульдік қызметі және Сауда орын басшылары қатысуымен сауда саттық жасап жатқан орындарды аралаумен бірге өрттің туындауына алып келетін өрескел бұзушылықтарды жою, өртті болдырмау жөніндегі жеке кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы дайындалған нұсқаулықтар кәсіпкерлерге ұсынылды.
Сонымен қатар базар және сауда орындарының басшыларына ретсіз сауда орындарын алуға тиісті жұмыстар жүргізуді және полиция патрульдік қызметімен автокөлік тұрақтарында автокөліктердің ретсіз қойылуында аса назар аударып, тек автотұраққа қою және кез келген уақытта өрт сөндіру техникаларының базар аумағына кіруіне жағдайлар жасау керектігі жөнінде шаралар қабылданды.
Алдағы уақытта базар, сауда орындарында адам шығыны мен қайғылы жағдайларды, материалдық шығын келтіруді және өртті алдын алу мақсатында, «Салиха ана» сауда орталығы, «Береке» ЖШС базарына және «Байсал Керім» сауда үйіне кенеттен болатын жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақтары өткізілетінін айтып назарларына жеткізілді.

 

Білім беру ұйымдарының жатақханаларында профилактикалық
жұмыстар жүргізілді.

Кентау қаласындағы білім беру ұйымдарында орналасқан жатақханаларда оқушылармен студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Кентау институты, №7 колледжі, Кентау көпсалалы колледжі, Дарын мамандандырылған мектеп-интернаты, Кентау қазақ-неміс колледжі, Даражол лицей-интернаты мекемелеріне Кентау қаласының ТЖБ қызметкерлері ұйымдастыруымен жатақханаларда дем алушы оқушылармен студенттерге жатақханада болуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы «Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері», «Адамдар жаппай жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптары», «Өрт кезіндегі іс-қимылдар, эвакуациялау тәртібі», «Жатақханада орын алатын өрттердің негізі себептері, алдын алу шаралары», «Өрттің туындауына алып келетін өрескел бұзушылықтарды байқаған кезде жатақхана әкімшілігіне хабар беру» тақырыптарда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, назарларына жеткізілді.

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының және Полиция қызметкерлерімен Сайрам ауданында орналасқан «Нұр ата» сауда орталығында орналасқан «Винчестер» аңшылық дүкеніне барып, сатушыларына және сатып алушыларға «Өрт қауіпсіздігі» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған үгіт-насихат парақшалары таратылды.

 

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және Қазығұрт ауданындағы №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті жағу ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Қазығұрт ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аудан тұрғындарына арнайы әзірленген жадынама қағаздары таратылды.

 

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Өрт қауіпсіздігі айлығында аудан тұрғындарына Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, Жылыту маусымына дайындық мақсаттарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.

 

Қайғылы оқиғалар пешті жағу ережелерін бұзу және өмір мен денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №9 ӨСБ, №30 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, Отырар ауданы аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, Шәуілдір ауылы, Көксарай ауылы, Маяқұм ауылы Шойманов ауылдарының тұрғын үйлерін аралады. Аралау барысында өрт сөндірушілер тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындарына арнайы әзірленген жадынама қағаздары таратылды.

 

Сауран ауданында «Өрт қауіпсіздік айлығы» басталды

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар Бөлімі, №24 өрт сөндіру бөлімі, №35 өрт
сөндіру бекеті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, Тұран Түркістан телеканалы және аудан еріктілерін тарта отырып, ауқымды іс-шара
ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан аумағының тұрғындары мен
қонақтарына “Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі”, “Улы газбен уланудың алдын алу”
тақырыптары түсіндіре отырып, арнайы техникамен көшеде сөз сөйлеу арқылы
рейд жүргізілді. Сонымен қатар, Шорнақ жалпы орта мектебі мен Айтжанов
атындағы жалпы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына «Ашық есік» күнін өткізіп, А.Ғабдуллин атындағы академияға оқуға түсу бойынша түсіндірілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкері және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, қала аумағындағы жатақхана студенттеріне «Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қолданылуы», «Өрт қауіпсіздігі» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған жадынама парақшаларын таратты

 

2022 жылғы 17 қыркүйекте Түркістан қаласының аумағындағы көшелерді және арықтарды тазалау, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Қаланы таза ұстауға бағытталған іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты.

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

2022 жылы Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және № 24 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, аудан аумағындағы автожанармай құю бекеттеріне арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.