Әл-Фараби аудандық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Қала тұрғындары енді мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданындағы Кеңжарық көшесі, 7/7 үйдегі мекенжайдан алады.

86

 

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.
–Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Бұл мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 26 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 18 орын бар. Ғимаратта 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді,- деді Б.Сансызбайұлы.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша шаһарда 25 мектеп, оның ішінде Әл-Фараби ауданында 3 мектеп салынады. 2023 жылы ауданда Қошқар ата аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ал «Халық қатысатын бюджет» аясында 39 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр.Оның айтуынша, 2021 жылға дейін Шымкенттегі әрбір емханада орта есеппен 61 мың адам тіркелген. Бұл дәрігерлердің жүктемесінің шамадан тыс көп болуына, емханада ұзын-сонар кезектің қалыптасуына, сәйкесінше, қызмет көрсету сапасының да нашарлауына әкеп соқтырған. Мұрат Дүйсенбекұлы жеке инвесторларды тартып, емханаларды көптеп ашу арқылы 2027 жылға дейін әрбір емханада орта есеппен 21 мың тұрғын тіркелетінін жеткізді.
Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері №2 ХҚО-да 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.