Қаламыздағы Шымкент университетінің студенттері шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Жуырда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтіп, универстеттен екі студентіміз қатысқан болатын.
Сайысқа 16-29 жас арасындағы 25 үміткер өтініш беріп, іріктеу барысында 12-сі өтті. Біздің студенттер осы жеңімпаздардың қатырынан көрінді. Жалпы байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талантты жастарды іздеп, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.Бәсекелестіктің артуы сапаның жақсаруына әсер ететіні халықаралық тәжірибеде дәлелденген, — деді қала әкімі.
М.Әйтеновтың айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте 200 орынды перинаталды орталық салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады екен.Оның айтуынша, 2021 жылға дейін Шымкенттегі әрбір емханада орта есеппен 61 мың адам тіркелген. Бұл дәрігерлердің жүктемесінің шамадан тыс көп болуына, емханада ұзын-сонар кезектің қалыптасуына, сәйкесінше, қызмет көрсету сапасының да нашарлауына әкеп соқтырған. Мұрат Дүйсенбекұлы жеке инвесторларды тартып, емханаларды көптеп ашу арқылы 2027 жылға дейін әрбір емханада орта есеппен 21 мың тұрғын тіркелетінін жеткізді.
Айта кетейік, есеп беру кездесуінің соңында қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берді.
Жастарға жетекшілік жасаған – «Филология» кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің магистрі, аға оқытушы Нұргүл Жұмағұлова. Байқауда оқу ордамыздың талапты, дарынды, тіл жанашырлары «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Мадина Амангелдиева 2 орынды иеленіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1курс студенті Мерей Сыздық белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Студенттеріміздің өнері өрге жүзіп, тек биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз.
Н.ЖҰМАҒҰЛОВА