«Ақарыс» спорт кешенінде банк қызметкерлері арасында футболдан турнир басталды. Ұлттық валюта — Төл теңгеміздің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан мерекелік іс-шараны қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов ашып, қала әкімінің құттықтауын жеткізді.

84

 

«Теңге – тәуелсіздігіміз-дің төл перзенті. Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күретамыры – жүз жылға жуық тарихы бар қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметін елестете алмаймыз. Тәуелсіз Қазақстанымыздың және үшінші мегаполистің экономикасының қаржылай ахуалын нығайту жолындағы істеріңіз берекелі болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» — делінген құттықтауда.
Турнирге қаламыздағы екінші деңгейлі банктер түгел қатысып, 16 команда бақ сынады.

Теңге – тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Биылғы жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілгеніне 29 жыл толады. Тәуелсіз мемлекет экономикасының темірқазығы – ол төл валютасы. Ол Әнұран, Ту, Елтаңба секілді басты атрибуттармен қатар жүретін тәуелсіздігіміздің бірден-бір нышаны. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.

Теңгенің тарихына көз жүгіртсек, ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV-ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстанның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Отандық суретшілер Тимур Сүлейменов, Қайролла Әбжәлелов, Меңдібай Алин және Ағымсалы Дүзелханов Англияда қазақ валютасының дизайнындағы портретін бекітті.

— Дүбірлі дода ұйымдастырудағы мақсатымыз — салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. Банк қызметкерлері несие беріп, пайызды ғана есептемейді, олардың жаны спортқа жақын. Бұл — отырып жұмыс істейтін қызметкерлер үшін үлкен серпіліс. Жылдың соңына дейін теннис, волейбол және тағы басқа спорт түрлерінен турнир өткізу жоспарда бар, — дейді Ұлттық банктің Шымкент қаласындағы филиалының директоры Әнуар Ботанбеков.
Спорт кешенінде дода тартысты өтті.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.