Қазіргі уақытта Тассай елді мекені тұрғындарын табиғи газ және көгілдір отынмен қамту құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.
Табиғи газбен қамту құрылысы мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан басталған. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы аяқталды. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы толығымен 2023 жылы аяқталып, тассайлықтар келесі жылы көгілдір отынмен қамтылады.
Сондай-ақ, аталған елді мекенде кәріз жүйесінің құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан ішкі орамдық кәріз құбырын тарту жұмысының 46 пайызы аяқталды.
Жоба бойынша барлығы 115,2 шақырымды құрайтын кәріз құбыры орнатылатын болады.
Құрылыс жұмысы 2023 жылы аяқталып, Тассай елді мекеніндегі тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылады.
Нәтижесінде, Тассай елді мекеніндегі инфрақұрылым мәселесі толығымен шешімін табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.