Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге Жедел құтқару жасағының қызметкерлері «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газбен уланудың алдын алу» тақырыптарында М.Исламқұлов ЖОМ-не қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мектеп мұғалімдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және мектеп ғимаратының ішіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы айтып, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.
Сондай-ақ:
— Жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту;
— Шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажеттігін;
— Пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайтынын;
— Жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайтынын ескертіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

 

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-жаттығу шарасын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты-апатты жағдай кезінде медицина, ішкі істер органы қызметкерлері, өрт сөндіру қызметі, басқа да, коммуналдық қызметтердің өзара әрекеттесу жұмыстарын көрсету. Апат айтып келмегендіктен, Абай ауылының орталық базарында өткен арнайы дайындық барысы пысықталып, өрт сөндіру мамандары бірлесе отырып, кез-келген қауіп-қатерге төтеп беруге әзір екендіктерін көрсетті.

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын алу

2022 жылдың 12 қыркүйегінде Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері және № 6 ӨСБ қызметкерлерімен жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және №24 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, аудан аумағындағы кітапхана қызметкерлеріне арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты қала аумағындағы барлық мектептер мен балабақшалардың шаруашылық жөніндегі жауапты қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі» және қазандықтармен автономды жылыту жүйелері, сонымен қатар, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік тақырыбында жиналыс өткізілді.

 

Түркістан облысының өрт сөндірушілері кішкентай баланы құтқарып алды

2022 жылдың 10 қыркүйек күні 22 сағат 15 минутта Түркістан қаласы Рая Дастанова №98 үйге қарама-қарсы шарбаққа кішкентай баланың аяғы қыстырылып қалғаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде 2014 жылы туылған кішкентай баланың аяғы шарбаққа кіріп кеткені анықталды.
22 сағат 34 минутта баланың аяғы шығарылып, 103 қызметкерлеріне тапсырылды.
Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы сауда орындарында “Өрт қауіпсіздігі” бойынша және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану техникасы жайында түсіндіріп, арнайы жасалған жадынама парақшаларын таратты

 

Арыс ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері лейтенант Баймахан Бексұлтан, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ескертпе парақшаларын тарқатты.
Құрметті қала тұрғындары, өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар:
-Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз, мұржаны күйеден кемінде айыны бір реттен кем емес тазалаңыз.
-Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.
-Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.
-Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.
-Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жаңғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!

 

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және Қазығұрт ауданындағы №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, газ мекемесінің және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірігіп, «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелері және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды.

 

АБАЙ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАЗАРЛАРДА, КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Бүгін Абай ауылы әкімінің орынбасары, аппарат қызметкерлері, Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары «ҚазТрансГазАймақ» Абай газ шаруашылығының қызметкерлері, Келес аудандық электр жүйесінің қызметкерлері Абай ауылы аумағында орналасқан базарлар мен кәсіпкерлік нысандары иелеріне өрт қауіпсіздігі мен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында, қарапайым өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған мәселелер бойынша тиісті мамандар тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша ескертулер берілді.
Сондай-ақ, сауда жасап жатқан азаматтардың сұрақтарына тиісті мамандар тарапынан кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.

 

Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық мәдениет бөлімі, аудан әкімдігі және жастар ресурстық орталығы бірлесіп, Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен қатар “5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдер күніне” орай арнайы “ТІЛ ҒҰМЫРЫ — ҰЛТ ҒҰМЫРЫ” атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада концерттік бағдарламалар, арнайы қойылымдар және жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңке барысында әртүрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынды.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Халықаралық Туризм және Меймандосдық университеті» КЕАҚ қызметкерлеріне «Өрт қауіпсіздігі» бойынша және алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану техникасы жайында түсіндірілді.

 

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес С.Қожанов №22 мекен жайында орналасқан алаңшада «Түркістанға түлектерден тағзым» атты туристік-өлкетану жарысы өтті. Осыған орай, аталған іс-шараны жоғары дәрежеде өткізу мақсатында, Түркістан қаласы Төтенше жағжайлар басқармасының қызметкерлері қатысып, өрт қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында, өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша жарысқа белсенді қатысқан командалар мен орын алған топтарға арнайы сыйлықтар беріліп, құттықтау сөзі айтылып, марапатталды

 

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, көрнекті ақын, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз!
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энцикло-педиялық білім иесі.
Бір ақын айтқан екен, «Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет» деп. Міне, сол ақын айтқан адамдық диқаншысы-Ахмет Байтұрсынұлы еді! Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек.
Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді. Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып және бүгінгі 150 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ «5 қыркүйек — Мемлекеттік тіл мерекесі» күнімен Сіздерге осы ән шумақтарын арнай отырып, атаулы мерекемен құттықтаймыз!

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан халқы тілдері және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылуда.

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні Департамент жане Қызметтің №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаштың рухани көсемі, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының рухына тағзым ету мақсатында, Түркістан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейге барып, мектеп-лицей ауласында орналасқан Ахмет атамыздың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

 

2022 жылға арналған азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау, халықты оқыту жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 6-8 қыркүйек аралығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлерімен «Азаматтық қорғау қызметтері мен қауіпті өндірістік объектілердің мамандары» санаттарымен сабақ өткізілді.

 

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Шардара ауданы әкімшілігі мен Шардара ауданы Ішкі істер бөлімі, Шардара қаласы №4 өрт сөндіру бөлімі және Шардара судан құтқару мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп, Орталық базарына, Сауда нысандарына өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

 

Сауран ауданы аумағында орналасқан автовокзал мен ecobazar сауда орталығына жергілікті полиция қызметкерлерімен берлесе отырып, адам көп шоғырланатын жерлердегі өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №29, 36 өрт сөндіру бекеттері қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі №624 жарлығына сәйкес, Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған және “5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне” орай Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залында «Тіл туралы» өлеңдерді жатқа айту арқылы құттықтау іс-шаралары ұйымдастырылды.

 

Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын-алу жұмыстары жалғасуда
📌 Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №14 өрт сөндіру бөлімі және Жастар ресурстық орталығының еріктілер құрамы бірлесіп, аудан аумағында “Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау” және “Улы газдан уланудың алдын-алу” тақырыптарында аудан тұрғындары мен қонақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы жадынама парақтарын таратты

 

2022 жылдың 8 қыркүйек күні Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Қазығұрт елді мекеніндегі №13 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері «Болашақ» мектеп-гимназиясы ұстаздары және оқушыларымен бірлесе отырып, Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған және “5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне” орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

 

Мақтаарал ауданы аумағында орналасқан білім беру мекемелеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Мақтаарал ауданы ТЖБ қызметкерлері тарапынан жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бөлім тарапынан дайындалған арнайы жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 10-11 сынып оқушыларына Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Ордабасы ауданындағы № 8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Ахмет Байтұрсынұлы тілтану ғылымының атасы» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ұлт ұстазының қазақ тіліне қосқан үлесі, шығармашылығы және өмірбаяны бейнеленген бейнероликтер көрсетілді.

 

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі №624 Жарлығына сәйкес Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған және «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне» орай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жоғары деңгейде іс-шаралар өткізілді. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар аудан әкімі тарапынан марапатталды.

 

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен “В. Комаров” атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары және оқушыларымен бірлесе отырып, Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған және “5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне” орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастауымен және №6 Өрт сөндіріу бөлімі, №17, 23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 624 жарлығына сәйкес, Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған және 2022 жылғы 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күніне орай аудандық мәдениет үйінде ауқымды іс-шара өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өлеңдер оқып, құттықтау лебіздерін жеткізді

 

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.
Бұған дейін 1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысының «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған.
Атаулы датаның өзгеру себебі –, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Мерекелік датаның сол күнге ауыстырылуы ұлт зиялысының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі.
Бүгін Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінде барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын тойлауда.
Тіл – әр ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Бүгінгі көп ұлтты еліміздегі татулық, ел бірлігі, халық достығының басты қағидасы осы мемлекеттік тілімізбен байланысты.
Мемлекеттік тіл – біздің мемлекетіміздің негізі, барша қазақстандықтарды біріктірудің түйінді факторы болғандықтан, бұл күнді де ел бірлігі мен халық достығының күні деп есептеуге болады.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамының өрт сөндіру және авариялық-құтқару, сондай-ақ, кезек күттірмейтін жұмыстарды дер кезінде ауыздықтау, шапшаң әрі тез орындауға машықтандыру деңгейін арттыру мақсатында, Түркістан қаласы Жаңа қала шағын ауданы, 13 көше 23 құрылыс мекенжайында орналасқан Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ауласында жоспардан тыс оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Түркістан облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

2022 жылы Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және №24 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні “Қауіпсіз өмірге-қауіпсіз үн” атты ашық вокалдық өнер байқауы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған байқау өткізілді. Аталған байқау барысында табиғи дауыста әндер мен сазды әуендер, қос ішекті домбырамен шер тарқата әуелеткен күміс-көмей өнерпаздарымыз ән шырқап, әділдікті ту еткен қазылар алқасы әділ төрелігін көрсетіп, байқау жеңімпаздарына мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

 

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, газ мекемесінің және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірігіп, «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «СӘТ» телеарнасы арқылы қауіпсіздік ережелері бойынша сұхбат берілді.

 

Жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын-алу

Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт ауданы аумағында «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын-алу» бойынша әлеуметтік жағдайы мен тұрмысы нашар отбасылардың үйлерін аралап, рейдтік іс-шаралар жүргізді. Іс-шара кезінде «Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Улы газдан уланудың алдын-алу» жөнінде қысқаша тұрғындарға түсінік беріп, күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болу ұсынылды:
— қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалануға болмайды
— от жақпастан бұрын пештерге сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;
— пеш құбырлары мен түтін шығу жолдарын 3 айда бір рет от жағылатын пешті, 2 айда бір рет от үзілмей жанатын пешті тазалау қажет.
— отындарды, көмірді бөлек орында немесе арнайы тағайындалған жерде сақтау керек;
— отынды және басқа да тез жанатын заттарды пештің жанында ұстауға тыйым салынады;
— кірді кептіру мақсатында пештің үстіне жаюға тыйым салынады, пешті жағу үшін майлы затты пайдалануға тыйым салынады;
— кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдыруға үзілді – кесілді тыйым салынады;
— пеш алдында 70 те 50 көлеміндегі табақ темір төселуі тиіс;
— ыстық күлді үйдің немесе құрылыстың жанына төгуге болмайды, ыстық күлге арналған арнайы орын тағайындалуы тиіс.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сектор мамандары, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясы қызметкерлерімен бірігіп, қала аумағындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлерін аралап, газ қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Төлеби ауданы аумағында орналасқан базарлар мен сауда нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Төлеби ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі, аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, Ленгір қаласы аумағында орналасқан «Достық» және «Тау жұлдызы» базарларында өрт қауіпсіздігі ережелерінің қатаң сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында сауда нысандарындағы кәсіпкерлер мен қызметкерлерге өрт қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар жете түсіндіріп, жадынамалар таратылды.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні “Қауіпсіз өмірге-қауіпсіз үн” атты ашық вокалдық өнер байқауы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған байқау өткізілді. Аталған байқау барысында табиғи дауыста әндер мен сазды әуендер, қос ішекті домбырамен шер тарқата әуелеткен күміс-көмей өнерпаздарымыз ән шырқап, әділдікті ту еткен қазылар алқасы әділ төрелігін көрсетіп, байқау жеңімпаздарына мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

2022 жылы Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және №24 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

2022 жылдың 01 қыркүйек күні ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша, инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Төлеби ауданының әкімшілік полиция майоры А.Наштай, «АМАНАТ» партиясы Төлеби аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі Ж.Амангелдиев, Ленгір қаласының «Нұр» мешітінің Найб имамы Ж.Жаппаров, Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 ӨСБ, №16 ӨСБ, №32 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен , Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, сонымен қатар, қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құрамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Отырар ауданы ТЖБ қызметкерлері аудан аумағындағы “АЛМАС” авто жанар-май құю бекеттеріне өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты

 

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, №6 ӨСБ-нің қызметкерлері, Полиция басқармасы, Ақсу ауылының әкімі және қызметкерлері Еріктілерді тарта отырып, Ақсу ауылында орналасқан базарлар мен сауда орталықтарында, адамдар көп шоғырланатын орындарда «Өрт қауіпсіздігі» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. Аудан тұрғындарына «ELNUR TV» теларнасы арқылы Басқарма бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов түсіндіру жұмыстарын жүргізді

 

Түркістан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 тамызда Түркістан облысының өрт сөндіру-құтқару спортына жастарды баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту мақсатында, жастар арасында іріктеу жұмыстары жүргізілді.

 

2022 жылдың 31 тамыз күні Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің әкімшілік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ә.Орақбай, «АМАNAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының кеңесшісі А.Қадірқұлов, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы (теолог) Ғ.Сағат, Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және №13 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, қызметкерлер арасында тәртіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құраммен жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА.

Мақтаарал ауданы ТЖБ қызметкерлері және №21 Өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге, аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бөлім тарапынан дайындалған арнайы жадынамалар таратылып, тұрғындарға табиғи газбен, қатты отынның толық жанбауы кезіндегі орын алатын көмір қышқыл газының қауіпі ескертілді.

 

Улы газдан уланудан алдын-алу жұмыстары жүргізілуде

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №14 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының еріктілер құрамы бірлесіп, жаппай, 2022-2023 жылдың жылыту маусымы басталмас бұрын Сарыағаш ауданындағы қала және ауылдардағы әлеуметтік осал топтардағы отбасыларға, мүгедектер мен зейнеткерлерге «Өрт қауіпсіздігі» талаптарын және «Улы газдан улануды алдын-алу» тақырыбында арнайы жадынама парақшалары таратылып, түсіндірме жумыстары жүргізілді. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге қауіпсіздік плакаттары орналастырылды.

 

Сайрам ауданы Қарасу ауылында Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын-алу бойынша «Сенбілік» рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

​2022 жылдың 27-28 тамызында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және № 6 Өрт сөндіру бөлімі мен № 17, №23 Өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, әкімшілік, Еріктілерді тарта отырып, Қарасу ауылының тұрғындарына және жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне барып, «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газбен уланудың алдын-алу» бойынша күрделендірілген «Сенбілік» рейдтік іс-шаралар жүргізді. Сонымен қатар, «ELNUR TV» телеарнасы арқылы Басқарманың аға инженері азаматтық қорғау капитаны Н. Мекембаев аудан тұрғындарына және қонақтарына жоғарыда аталған тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сарыағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының қызметкерлерімен бірлескен түрде, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Жиын барысында көптеген мәселелер талқыланып, қызметкерлер өз сұрақтарына толығымен жауап алды.

 

“1 қыркүйек — Білім күні” қарсаңында, “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында, Түркістан облысы ТЖД “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері көпбалалы отбасылардың балаларын құттықтап, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

 

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен №10, №15, №27, №34 ӨСБ жеке құраммен бірлесіп, 2022-2023 жылдарға жылыту маусымының басталуына байланысты, аудан аумағындағы тұрғын үйлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздік шаралары және газ жүйесі жүргізілуіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау және қатты отын пайдаланушыларға құбырларын тазалап қою туралы арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

 

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен бірлесе отырып, «Орталық базарында” өрт қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақшалары таратылды.

 

Өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және полиция қызметкері ағымдағы жылдың 27 тамыз күні қала аумағындағы ТО Қуаныш ЖШС сауда орталығына және сол аумаққа қарасты сауда орындарына барып, қала тұрғындарына, саудагерлерге және күзет жасағына Өрт қауіпсіздігін сақтау жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшалары таратылды.

 

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

2022 жылы 25-27 тамыз аралығында Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және № 24 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

«30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізілді.

2022 жылдың 27 тамыз күні Түркістан облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаевтың төрағалығымен «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізіліп, азаматтық қорғау ардагерлері мен қызметкерлері азаматтық қорғау органының дамуына қосқан үлестері үшін төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды.
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ҚР ҚМ 28349 әскери бөлімінде болған жарылыс азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкерінің өмірін қиған ең ірі жазатайым оқиғалардың бірі болған еді. Орын алған қайғылы оқиғаға бір жыл толуына орай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін құрбан еткен батырларымызды, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

 

«30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізілді.

2022 жылдың 27 тамыз күні Түркістан облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ерік Темірханұлы Сарыбаевтың төрағалығымен «30 тамыз – Конституция күні» мерекесіне орай, салтанатты іс-шара өткізіліп, азаматтық қорғау ардагерлері мен қызметкерлері азаматтық қорғау органының дамуына қосқан үлестері үшін төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды.
Осыдан тура бір жыл бұрын, 2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ҚР ҚМ 28349 әскери бөлімінде болған жарылыс азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкерінің өмірін қиған ең ірі жазатайым оқиғалардың бірі болған еді. Орын алған қайғылы оқиғаға бір жыл толуына орай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін құрбан еткен батырларымызды, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

 

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сектор маманы және газ инспекция қызметкерлерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі жайында күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Түсіндірме жұмыстары барысында қала тұрғындарына «Улы газдан уланудың алдын-алу» және «Түрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

Тәртіппен заңдылықты нығайту

2022 жылдың 25 тамыз күні Созақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен № 11 өрт сөндіру бөлімі және № 26 өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамына ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру, заңдылық пен тәртіптің бұзылуының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, радикалды діни ағымдарының идеологиясына қарсы іс-қимыл жасау тақырыптарында Созақ ауданының жол көлік қозғалыс полициясының аға лейтенанты М. Алдабергенов, Шолаққорған ауыл мешітінің бас иманы Б. Алашбаевтың қатысуымен жиналыс өткізілді.

Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу

2022 жылы 25 тамызында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері және № 6 ӨСБ қызметкерлерімен Өрт қауіпсіздігі және Улы газдан уланудың алдын-алу мақсатында, жағдайы төмен отбасылардың үйін аралау жұмыстары жүргізілді. Арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2022 жылдың 24 тамыз күні AMANAT партиясының Отырар аудандық филиалында Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жиын өткізілді.
2022 жылдың 24-26 тамыз күндері аралығында Келес ауданында азаматтық қорғау саласы бойынша өткізілген кешенді оқу-жаттығу
Бүгін яғни 26. 08. 2022 жылы 02 сағат 43 минутта Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ауезов көшесі №21 А мекен жайда орналасқан Күлпаршын базарында өрт оқиғасы орын алды.
Өртке 02 сағат 45 минутта алғашқы өрт сөндірушілілер келіп жеткенде «Күлпаршын базары» аумағындағы сауда нүктелері жанып жатқаны анықталды.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жалпы 11 бірлік техникасымен 43 қызметкері жұмылдырылды.
Өрт 05 сағат 20 минутта оқшауланып, 07 сағат 35 минутта толық сөндірілді.
Өрттен қайтыс болғандар жоқ.
Қазіргі таңда өрттің себебі және келтірілген материалдық шығын анықталуда.
Көрерменнің сүйікті жобасына айналған Гүлжан Серіктің авторлық “Интеллект баттл” жазғы маусым зияткерлік кеші өз мәресіне жетті. Кенді шаһар Кентауда өткен іс-шараға жақын ауылдар мен қала, аудан, облыс төңірегін қосқанда 17 команда қатысты. Жоба нәтижесінде 1-орынды Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен құралған “Капитандар”, 2-орынды Кентау қалалық Мәдениет үйінен құралған “Шабыт”, әр сала өкілдерінен құралған “Бұйырғаны”, 3-орынды Байылдыр ауылы әкімдігінен құралған “Байылдыр”, Ащысай ауылы әкімдігінен құралған “Ачполиметалл”, Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығынан құралған “Сауран жастары” командасы иеленді. “Ең үздік ойыншы” номинациясын “Капитандар” командасының ойыншысы Манас Сұлтанәліұлы Хайдар, “Бұйырғаны” командасының ойыншы Жомарт Маратұлы Әбдірахман, “Сауран жастары” командасының ойыншысы Смағұл Мақсатұлы Қалжан жеңіп алды. Ұлттық нақышта өткен зияткерлік кеште жеңімпаздарды Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мырза марапаттады. Әріптерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Төлеби, Түлкібас аудандары аумақтарындағы су қоймалары мен
тауларындағы мұздық көлдерге әуеден шолу жасалды.

Ағымдағы жылдың 23 тамыз күні облыстағы сел тасқынының алдын-алу үшін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н. Жунусов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Е.Сарыбаев, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Рахмбердиев,«Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлесіп, ЕС-145 тік ұшағы 3500-4000 метрге дейінгі биіктіктегі Төлеби, Түлкібас аудандары аумақтарындағы су қоймалары мен тауларындағы мұздық көлдерге және Сайрамсу, Өгем, Майдантал, Балдыбрек, Ақсу бассейіндік өзендерге аэровизуалды шолу жасалып, сел қауіпі бар учаскелер қаралды. Нәтежесінде, мұздық көлдердің жағдайы қалыпты, сел тасқынын төндіру қауіпі жоқ.

2022 жылдың 23 тамыз күні Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ӨС және АҚЖҚ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі К.Маханбетов, ТО ТЖД Кадр саясаты басқармасы жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Д.Юсупов, Кентау қаласының әкімшілік полиция майоры Н.Бисеев «АМАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының есепке алу және статисика секторының меңгерушісі Ж. Қожабекова, Кентау қаласы Абубакір мешітінің имамы Б.Ибраев, Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі және №12 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу стратегиясын іске асыру, жемқорлықпен күрес жүргізу, сонымен қатар, қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, әдеп кодексі, киім кию үлгісін сақтау және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында жеке құрамға айтып жеткізілді.
2022 жылдың 21 тамыз күні Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне және №12 ӨСБ қызметкерлеріне Кентау қаласының АПБ ЖПҚБ УПИ полиция қызметкерлері аға лейтенант Тағанбаев А, капитан Утеген Н. жол қозғалысына қатысты қызметтік көлік құралдарының жағдайын тексерді. Қызметтік автокөліктерді тексеру барысында, атап айтқанда, көліктің тежегішін және сыртқы жарық құралдарын, сонымен қатар, автокөлікке қажет құралдарды көру, дәрі-дәрмек қобдишасы, өрт сөндіргіш құралы, тросс және т.б. тексерілді. Полиция қызметкерлері автокөлікке алкогольдік ішіп айдамауға, жолда жүрген кезде жол қауіпсіздігін сақтау бойынша жеке құрамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 жылдарға жылыту маусымы басталмас бұрын Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен және №12 ӨСБ-нің жеке құрамымен Кентау қаласының әкімдігіне қарасты Ішкі саясат бөлімі, Жастар Ресурстар орталығының еріктілері және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Кентау қаласына қарасты ауылдарда өрттің-алдын алу жұмыстарына әлеуметтік осал топтағы азаматтардың және көп балалы аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұрғын үйлеріне газ құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша және балалардың терезеден құлап кету оқиғаларын болдырмау мақсаттында, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы жадынама парақшалары таратылды.
Үгіт насихат барысында төмендегі талаптар түсіндірілді. -Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.
-Газ қондырғысы орнатылған бөлмеде міндетті түрде газосигнализатор қондырғысы орнатылуы керек.
-Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеру.
-Түтіндіктің «қалтасын» мерзімінде тазалап отыру. -Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарын және олардың алдындағы крандарды жабу.
-Газ жабдығы жарамсыз болғанда арнайы мекеме қызметкерлерін шақырту. -Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде, газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтату, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабу.
-Үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашу.
-104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырту.
-От жақпау, темекі тартпау, электр жарығы мен электр құралдарды қоспау және қосулы болса, сөндірмеу, электр қоңырауларды пайдаланбау.
-Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде кіргізу.
​ Тұрғындарға жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау, жас балаларды үйде жалғыз қалдырмау жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *