⚜️ ТӨЛЕБИДЕ «ПАРАСАТ» КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ-2

 

🔹 Төлеби ауданында «AMANAT» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының алғашқы жиыны өтті.

 

🔹 Аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, ауданның зиялы қауым өкілдері және белсенді азаматтары қатысты.

 

🔹 Пікірталас клубының мақсаттары мен міндеттері жөнінде «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансейітов баяндама жасап, ережесімен таныстырды. Басқосу барысында қатысушылар тіл мен ұлттық салт-дәстүр, құқықтық тәрбие мен сауаттылық, білім беру, азық-түлік, құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыру мәселері жайында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ клубтың жұмыс жасау тәртібін ақылдасып, келесі отырыстың төрағасы мен хатшысын сайлады.

 

🔹 Жиын соңында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы «Парасат» пікірталас клубының басты мақсаты – аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыруда азаматтық қоғамды белсенді қатыстыру, пікірталас мәдениетін қалыптастыру екендігін айтып, жиынды қорытындылады.

 

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *