Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 % (66,8 мың бас), қой мен ешкі 105 % (188,5 мың бас), жылқы 111,6 (30,2 мың бас) пайызды құрады.
Ет өндіру-105,2 % (4199,4 тн), сүт- 98,8 % (12208,3 тн), жұмыртқа- 100,5 % (3,8 млн дана) құрады.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша меже 250 бас ірі қара малды тұқымдық түрлендіру, 20 бас ІҚМ алынып, меже 8 пайызға орындалды.
10-15 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңдарын ашу бағытында 61 бірлік мал бордақылау алаңын ашу межеленген, ашылғаны 20 бірлік, яғни меже 33 пайызға орындалды.
Жанұялық сүт өндіру тобын (фермасын) ашу бағытында меже 22 бірлік, қазіргі таңда орындалғаны 11 бірлік, меже 50 пайызға орындалды.
Шағын құс фермаларын салу межесі 4 бірлік, ашылғаны 1 бірлік, яғни 25 пайызға орындалды.
Егістік жерді электронды картаға отырғызу межесі 63129 га, орындалғаны 49546 га, яғни меже 78 пайызға орындалды.
Жайылым жерлерді электронды картаға отырғызу межесі 25933 га, орындалғаны 25489 га, яғни меже 98 пайызға орындалды.
Медиаон ақпарат