Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен N5 ӨСБ 19-қазан құтқарушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс шара өткізілді. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С. Дүйсебаевпен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Д.Омаровтар қатысты.Іс — шара барысында аудан аумағында орын алған төтенше жағдайлардың алу және жоюда үлес қосқан азаматтар мен азаматтық қорғау қызметкерлеріне аудан әкімі мен мәслихат хатшысы тарапынан үлгілі қызметі үшін арнайы төс белгісі және марапаттау қағаздары табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.