Статистикалық мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 3 айында ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 млрд 600,8 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 102,7 пайызды құрады (оның ішінде мал шаруашылығы өнім көлемін 5 млрд 535,1 млн теңгеге, егін шаруашылығы 65,7 млн. теңгеге).
Ауданда 2020 жылдың ( үй іргелік жерді қоса есептегенде) өніміне егілетін егіс көлемі 65684 га құрайды.
1) Бидай — 13900 га (8400 га күздік бидай, 5500 га жаздық бидай егілгені 5372 га, яғни 98 пайызға орындалды);
2) Арпа — 6500 га, егілгені 6967 га, яғни 107,2 пайыз;
3) Майлы дақылдар — 12600 га, егілгені 9060 га, яғни 72 пайыз;
4) Ескі жоңышқа — 24504 га;
5) Жаңа жоңышқа — 4680 га, егілгені 4432 га, яғни 95 пайыз;
6) Сүрлем жүгері — 200 га, егілгені 33 га, яғни 17 пайыз;
7) Картоп – 1424 га, егілгені 300 га, яғни 21 пайыз;
8) Көкөніс – 1776 га, егілгені 320 га, яғни 18 пайыз;
9) Ноқат -100 га, егілгені 36 га.
2020 жылы болжам бойынша егілетін егіс көлеміне қажетті тұқым аудан бойынша 100 пайызға қамтылған.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 агроқұрылым 30,0 млн. теңге. «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 3 агроқұрылым 22 млн. теңге несие алып жұмыс жасауда.
1 алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 120 бірлік, орындалғаны 76 бірлік, яғни 63 пайызға орындалды. Жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылға минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізудің нәтижесінде шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім тастап, 50 пайызын субсидиялауға қол жеткізуде. «КазАзот» АҚ арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін тыңайтқышқа агроқұрылымдардан 1141 тонна минералды тыңайтқышқа өтінімдер түсіп, келісім-шарт түзіп, бүгінгі күнге 445 тоннасы алынды. Жұмыстар жүргізілуде.
Медиаон ақпарат