Төлеби ауданында ауылшаруашылығы саласы қарқынды мемелекеттік бағдарламалар арқылы дамуда

Spread the love

Төлеби ауданының Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қаратөбе, Майбұлақ, Балдыберек, Қостөбе, Төңкеріс елді мекендеріндегі әр тұрғынның тұрмыс-тіршілігімен танысып шыққан аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшыларының қатысуымен Қаратөбе елді мекеніндегі клубта тұрғындармен қорытынды жиналыс өткен болатын.
Жиын басында аудан әкімі Сыпабеков Алимжанның қосалқы шаруашылығындағы сауынды биелердің жұмысын, «Өркен» ШҚ-ның жылыжайын және 7 га жерге егілген бауын, Ералиева Гулсараның үй іргелік жерін, жеке кәсіпкер Ахатова Назипаның 8 га жерге егілген қарқынды бауын аралап көрді. Содан кейін, бөлім басшылары өздерінің зерттеп шыққан жұмыстарын баяндады. Бірінші болып аудандық экономика және қаржы, кәсіпкерлік бөлімдерінің Қаратөбе ауылдық округі бойынша мәліметін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов өз баяндамасында ауылдық округте анықталған кәсіпкерлік нысандардың мемлекеттік актілері тұрғын үймен бірге жасалып кеткендігі және техникалық құжаттары дұрыс емес болуына байланысты мүліктік құны төмен бағаланған үйлердің бар екенін атап көрсетті. Ал, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев өзінің есебінде, ауылдық округте 600,38 га жердің және тұрғын үй мақсатында берілген 205 жер учаскелері мақсатына сай пайдаланылмай жатқанын, 868 тұрғын үйдің 569-ы үй іргелік жерлерді тиімді пайдаланып көкөніс, картоп дақылдарын, 299 үй жеміс-жидек ағаштары мен көп жылдық мал азығын егіп жатқандығын айтты. Сонымен қатар, ауылдық окургтегі 4000 м ішкі арықтардың 2800 метрі тазаланбай толып қалған. Сол себепті бау-бақшаға ағын су келмей қалған. Егілген астық дақылдарын тілсіз жаудан сақтау мақсатында өрт қауіпсіздігіне қарсы жолақ жырту жұмыстары жүргізілмегенін жеткізді.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Оспанов биылғы жылға округте асфальт, шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталғанын, алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары, жол аяқ және көше жарығы, жол кедергілерін орнату жұмыстары қыркүйек айына жоспарланып отырғанын және елді мекендегі ішкі көшелер мен орталық көше бойлары шөптерден тазаланбағандығын жеткізді.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *