🔷 ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТУДЕ
⚜️ Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай және ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы аясында ардагерлер арасында бильярдтан, шахматтан дәстүрлі жарыс бастау алды.
⚜️ Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкім Төлеген Телғараев келіп, ардегерлерді мерекемен құттықтады. «Бұл жарыстың басты мақсаты өздеріңізді үлгі етіп, жастардың дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын енгізу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау болып табылады. Қазірдің өзінде Сіздер жастарға үлгі болып, бильярд және шахмат спорт түрлерінен дайындықтар өткізіп, облыстық деңгейдегі жарыстардан орындар алып келесіздер. Сіздерге осы жарыста сәттілік тілеймін»,- деді аудан басшысы.
⚜️ Айта кетейік, ардагерлер үйінде өтіп жатқан тартысты турнирге 30-дан астам адам қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге аудандық арнайы Грамоталар мен сыйлықтар табысталатын болады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі