Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында 70 бала тәрбиеленіп отыр. Іргетасы 1957 жылы қаланған ұйымда тәрбиеленушілердің жан-жақты сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасалған.

91

 

Мекеменің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Онда компьютерлік, лингафонды-мультимедиялық кабинеттер, жатын және ойын бөлмелері, 200 орындық асхана, дене шынықтыру залы мен арнайы медициналық блок бар.Бәсекелестіктің артуы сапаның жақсаруына әсер ететіні халықаралық тәжірибеде дәлелденген, — деді қала әкімі.
М.Әйтеновтың айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте 200 орынды перинаталды орталық салынады. Қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады екен.
Айта кетейік, есеп беру кездесуінің соңында қала әкімі тұрғындардың сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берді.
«Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамып, қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету үшін отбасылық үлгіде тәрбие беру мен дербес өмірге дайындау әдістемесі қолданылады», – дейді мамандар. Балаларды ән-биге, қолөнерге, аспаздыққа, тігін тігуге бейімдейтін үйірмелер мен түрлі спорттық секциялар, клубтар осыған дәлел. Мұнда қазір «Жас информатик» клубы жұмыс істейді. Балалар шығармашылық клубта ІТ саласының қыр-сырын меңгереді.
Тәрбиленушілерді болашақта тұрғын үймен қамту мәселесі де басты назарға алынған. Қазірдің өзінде асыраушысынан айрылуына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, «Отбасы Банкінен» 70 тәрбиеленушіге жеке есеп шот ашылған.
Айта кетейік, 2019 жылдан бері Шымкент қаласы соттарының судьялары әр 3 айдың бір күндік еңбекақысын тәрбиеленушілердің жеке есеп шоттарына аударып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.