Алматы облысы, Талғар қаласында қол күресінен жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған құрыш білекті спортшылар арасындағы өте тартысты әрі қызықты өткен сайыста Түркістан облысының «Шардара Армспорт» клубының спортшылары қарсылас шыдатпады. Өңірдің сайыпқырандары 29 алтын медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Атап өтсек, жеткіншектер арасында 36 келі салмақта Аманкелдиев Азамат, 40 келі салмақта – Абдикерим Мейіржан, 45 келі салмақта – Маманияз Жасурбек, 50 келі салмақта – Бекхан Нұрислам, 60 келі салмақта – Ибрагим Әділет, 65 келі салмақта – Пердебек Мади, +70 келі салмақта – Айтбаев Мұхан, сондай-ақ, жеткншек қыздар арасында, 45 келі салмақта – Оралбай Ұлжан, 60 келі салмақта – Оразхан Ырысты, 70 келі салмақта – Қалдыбай Анел, +70 келі салмақта – Тазабек Ұлбала бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында, 55 келі салмақта – Райм Бекарыс, 60 келі салмақта – Ахмет Қуандық, 65 келі салмақта – Тұрғанбек Тұрарбек, 70 келі салмақта – Басымбек Нұрболат, 75 келі салмақта – Полат Ермахан, 80 келі салмақта – Камал Ырыскелді, +80 келі салмақта – Роман Данияр және жасөспірім қыздар арасынд 50 келі салмақта – Зиядулла Назира, 60 келі салмақта – Жолдыбай Ақниет, 65 келі салмақта – Мәлік Арай жеңімпаз атанды. Жастар арасында 55 келі салмақта – Зарубек Санжар, 60 келі салмақта – Ерсайын Мейрамбек, 65 келі салмақта – Самат Мұқасан, 75 келі салмақта – Хали Қасымжомарт, 80 келі салмақта – Есенбай Бекзат, +90 келі салмақта – Арапбай Азамат және ардагерлер арасында 100 келі салмақта – Тағабаев Берік алтын медаль еншіледі.

Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *