Нысанның жалпы ауданы – 27,8 гектарға созылған. Саябақ аумағында 12 000 дана ағаш, 2360 шаршы метріне гүлдер егілсе, 20 476 шаршы метр бөлігіне көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, 12 000 түп ағаш егіліп, 710 дана жарықшам орнатылған. Одан бөлек, аяқ жол тақтайшалары мен асфальтты жол төселген. Сонымен бірге, орындықтар мен қоқыс жәшіктері де қойылды. Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан қаласы аумағында көгалдандыру, ағаштарды күту және саябақтар, скверлер мен аллеялардың тазалығын сақтау мақсатында сапалы техникалар алынды.

Бұл бағытта арнайы мамандар 25 түрлі, 200 дана техникамен жұмыс істейді. Әр техниканың өз міндеті, ерекшелігі бар. Біреуі ағашты күтіп-баптауға арналса, көгал, гүл мен бұтаны сәндеуге, қырқуға арналған техникалар да бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.