Бүгін Ақтөбе облысының Түркістан өңіріндегі мәдениет күндері аясында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ұжымының «Ер Едіге» этно-фольклорлық тарихи драмасы көрерменге ұсынылды. Қазақ тарихынан сыр шертетін спектакльге облыс тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.
Түркістан музыкалық драма театрында жиналған көрермен Едігедей ерен тұлғаның тарихи болмысына бойлап, ұлтымыздың қайраткер ұлдарының ерлігін тамашалады. Алтын Орда хандығының тарихы сахналанды. Отанға деген сүйіспеншілік, аманатқа адалдық, сертке беріктік, бірлік пен ынтымақ насихатталған туынды талғамы биік көрерменнің санасын серпілтіп, рухтарын көтерді. Театр ұжымы сатқындық пен алауыздық елді ыдырататынын санаға сіңіріп, түркілерді бірлікке шақырды.
Пьеса авторы – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан, қоюшы режиссері – халықаралық фестивальдер лауреаты Данияр Базарқұлов, режиссері – өнер магистрі Алмат Шарипов. Сонымен бірге Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының қазақ камералық хоры және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі де қойылымды музыкамен өрнектей білді. Едіге рөлін Мейірбек Шакенов сомдаса, Тоқтамыс ханның бейнесін танымал әртіс, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Мағзом Бақытжанов сомдады. Сондай-ақ Жанар Кемалбаева, Кеңес Кемалбаев, Бағдат Телеуғалиев және өзге де театр әртістері «Ер Едіге» қойылымында өнер көрсетті.
Тарихи қойылым соңында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Түркістанның тарихи бағасына тоқталды.
– Түркістан өз алдына облыс болып құрылғанда оған қуанбаған, ол шешімді қолдамаған қарға тамырлы қазақ қалмаған болар, сірә! Аты ежелден аңызға айналған Түркістан өңірі қайта түлеген сәтте ел болып асарлатты. Ақтөбеліктер де үлес қосып, осы отырған әсем ғимаратты тарту етті. Бүгін күллі түркі дүниесінің кіндігі байланған киелі Түркістан топырағына келіп, өздеріңізбен жүздесіп отырғанымды зор мәртебе санаймын. Екі күн бойы өткізіліп жатқан Ақтөбе облысының Түркістан қаласындағы мәдени күндері осымен өз мәресіне жетті. Бүгінгі қойылымның басты кейіпкері елдің тұтастығы үшін жанын пида қылған, мемлекетшіл тұлға – Едігенің бейнесі қай заманға да үлгі. Өзге де кейіпкерлері арқылы сол өткен алтын ғасырдың жарқыраған және көлеңкелі тұстарын салыстыруға мүмкіндік береді. Осы қойылымның алдағы күндері өрісі кеңейіп, түбі бір түркі елдеріне де берер тағылымы мол болары сөзсіз, – деген ол Түркістандағы елеулі өзгерістер мен игі істерге ризашылығын білдірді.
Екі күнге созылған мәдениет күндері Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» сарайындағы «Сәлем, Түркістан» гала-концертімен түйінделді. Концертте Ақтөбе облысының танымал эстрада жұлдыздары, би топтары, оркестр ұжымдары мен дәстүрлі әншілері өнер көрсетті. Дәстүрлі ән, күйлермен қатар классикалық әншілер шеруі, «Саз» балалар студиясының орындауында «Ақтөбе – алтын бесігім» мюзиклі шырқалды. Ақын Ә.Асылбековтың өлеңіне жазылған композитор Б.Оралұлының «Түркістан маршы» әні Түркістанда алғаш рет орындалды.
Осылайша, екі күнге созылған «Ер түріктің бесігі Түркістанға – Алтын бесік Ақтөбеден» атты мәдениет күндері жоғары деңгейде өтіп, түркістандықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Екі өңірдің арасын байланыстырған рухани керуенге Түркістан жұртшылығы алғыстарын жеткізді.
____
В ТУРКЕСТАНЕ ПОКАЗАЛИ ЭТНО-ФОЛЬКЛОРНУЮ ИСТОРИЧЕСКУЮ ДРАМУ «ЕР ЕДИГЕ»
Сегодня в рамках Дней культуры Актюбинской области зрителю была представлена этно-фольклорная историческая драма «Ер Едиге» в исполнении артистов Актюбинского областного драмтеатра имени Т. Ахтанова. Показ спектакля, рассказывающего об истории казахского народа, посетили жители и гости области, аким Актюбинской области Ондасын Оразалин, глава региона Омирзак Шукеев.
В Туркестанском музыкально-драматическом театре публика погрузилась в исторические реалии и увидела подвиг великих деятелей нации. Любовь к Родине, идеи преданности, твердости, верности, которые содержит произведение, всколыхнули сознание зрителей.
Автор пьесы — лауреат Государственной премии «Дарын», кавалер ордена «Құрмет» Светкали Нуржан, режиссер-постановщик — лауреат международных фестивалей Данияр Базаркулов, режиссер — магистр искусств Алмат Шарипов.
Действие сопровождала музыка в исполнении казахского камерного хора областной филармонии имени Г. Жубановой и фольклорного ансамбля «Арайлы Ақтөбе».
Роль Едиге исполнил Мейрбек Шакенов, образ Токтамыс хана — известный артист и отличник культуры Магзом Бакытжанов. Также в спектакле «Ер Едиге» выступили Жанар Кемалбаева, Кенес Кемалбаев, Багдат Тлеугалиев и другие артисты театра.
— Наверное, не было казаха, который бы не поддержал и не обрадовался бы, когда услышал о создании Туркестанской области. Актюбинцы тоже внесли свой вклад в строительство Туркестана. Мы приехали в священный Туркестан, приветствуем вас, и это я считаю большим почетом. Завершились два дня наших культурных мероприятий. Идея сегодняшней постановки продемонстрировала важность единства, личность Едиге — это образец для подражания. Пусть крепнет наше единство, укрепляется связь между тюркскими странами, — сказал после показа аким Актюбинской области Ондасын Оразалин, пожелав туркестанцам процветания.
Дни культуры, длившиеся два дня, завершились гала-концертом «Салем, Туркестан!» в Конгресс-холле. На нем выступили звезды эстрады, танцевальные коллективы и оркестры Актюбинской области. Наряду с классическими традиционными песнями и кюями, зрители увидели мюзикл «Актобе — алтын бесігім» в исполнении артистов детской студии «Саз». Впервые в Туркестане прозвучала песня композитора Б. Оралулы «Туркестанский марш» на стихи поэта А. Асылбекова.
Дни культуры Актюбинской области прошли на высоком уровне и подарили туркестанцам и гостям города позитивное настроение.