Техникалық-кәсіптік білім экономиканы дамытудағы негізгі күш екені белгілі. Нарықтық қиыншылықтар орын алған тұста еліміздегі бірқатар кәсіби маман даярлайтын оқу орындары жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған еді. Ал ел экономикасы қалыпқа келіп, өз арнасын тапқанда кәсіби мамандарға деген сұраныс қайтадан артты. Бүгінде мұндай құбылысты еліміздің барлық аймағынан байқауға болады. Соңғы уақыттары Түркістан облысында кәсіптік-техникалық маман даярлау ісі жанданып, жаңа белеске көтеріліп келеді.  Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, бүгінде Түркістан облысында 75 колледжде 33 мыңнан астам студент түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Олардың тең жартысынан астамы, яғни 18,6 мыңы мемлекет есебінен кәсіптік-техникалық маман даярлау бағдарламасы тапсырысы аясында тәлім алып жатыр. Жалпы, елімізде шағын кәсіпкерліктің дамуы кәсіптік-техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттыра түскені ақиқат. Бүгінде Түркістан облысының жастары дәнекерлеуші, электрик, аспазшы мамандықтарын игеріп, мол табысқа кенелуге болатынын түсініп отыр. Осылайша, шағын кәсіпкерлік кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауда катализатор қызметін атқаруда. Соңғы уақыттары Түркістан облысында «Мойнақ» ГЭС-і мен түрлі инфрақұрылымдардың салынуы кәсіптік-техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттыра түскен. Алдағы уақытта тиісті орындар нарықтың сұранысын дәл есептеп, облыстың экономикасын алға жылжыту үшін қандай мамандықтарға басымдық беруі керек екенін анықтауы тиіс. Бұл ретте білім саласына жауапты мекемелері жұмыс беруші кәсіпкерлермен тізе қосып, жұмыс істеуінің маңызы зор.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *