Жол картасының негізгі іс-шаралары «7 – 20 – 25» бағдарламасын бекітуге және оны іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге бағытталған. Шілде айына дейін Ұлттық банк жанынан ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылмақ. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфра­құрылымды қаржыландыру жылына тағы 20 млрд теңгеге дейін ұлғайтылады. Жаңа «7 – 20 – 25» бағдарламасының нормаларын ескере отырып, «Нұрлы жерге» түзетулер енгізіледі. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға» қатысты екінші бағытқа Ұлттық экономика министрлігінің өзі жауапты. Министр өте ірі көлемде табыс табатындардан көбірек салық алу мәселесін зерделейтіндерін мәлімдеді. Оның анық-қанығы күзге қарай айқындалмақ. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, осы жол картасы бекітілгеннен кейін, яғни осыдан бастап, орталық және жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының бес әлеуметтік жобасын нақты іске асыруға кіріседі. Әрине, көптеген қазақстандықтарды арзандатылған ипотекамен баспана алу жайы қызықтырып отырғаны мәлім. Осы орайда Ұлттық банк басшысы  «7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірлеуді бастап кеткенін хабарлады. Ол жаңа бағдарламаны жасақтау кезінде бұрынғы бағдарламалардың тәжірибесі ескерілетінін жеткізді. – Қазақстанда 2000 жылдардан бері тұрғын үй құрылысын ұзақмерзімді қаржыландыруды ынталандырудың және ипотекалық жүйесін дамытудың түрлі тәсілдері қабылданды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *