Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан халық газдан уланып, жеке секторда өрт оқиғалары тіркеліп жатады. Сала мамандары «өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін» деп қабыл қағады. Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында баяндалды. Онда алдын алу шараларын барлық құзырлы орган өкілдері жұмыла жүргізуі тиіс екені айтылды.
– Өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілгені жөн. Сапасыз пештер мәселесі де өзекті. Түркістандағы жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлерді де аралап, тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіздер. Ауылды елді мекендерде де тұрғындар газ пешін жаңадан орнатып, оны дұрыс қоса алмауы мүмкін. Жылыту маусымындағы қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс аумағында жылыту маусымына орай тұрғын үйлердегі газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Пешпен және рұқсат етілмеген пештердің көмегімен жылынатын жеке үйлердегі жағдай – басты назарда. Төтенше жағдайлар департаменті арқылы жыл басынан 257 407 (376 227 есепке алынған) жеке тұрғын үй араланып өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. 430774 кемшілік анықталды. 1 млн. 203 мың 286 тұрғынға нұсқама берілді.

Сауран ауданында алғаш рет Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Интеллект баттл” жобасы өткізілді.
Ойынның негізгі мақсаты — танымдық қабілетті арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейлерін көтеру. Сондай-ақ, интеллекттуалды ортаны қалыптастыру.
Тартысты өткен сайысқа жалпы 20 команда қатысты. Ойын нәтижесінде 3-ші орынды “Яссы”, 2-ші орынды “Оқжетпес”, 1-ші орынды Сауран аудандық ТЖБ қызметкерлерінен құралған “101” командасы ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

 

2022 жылдың 21 қараша күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Қарағашты
ауылы, М.Маметова №5 мекен-жайында орналасқан Түлкібас ауданының адами
әлеуетті дамыту бөлімінің «Дауан атындағы жалпы орта мектебі» КММ-не
өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Өрт тактикалық сабақтың мақсаты өрт
болған жағдайда немесе басқада төтенше жағдайлар болған кезде мектеп
қызметкерлерін қауіпсіз эвакуациялау және де төтенше жағдайлар
салдарының алдын алу және оларды жою болып табылады. Өрт тактикалық
сабаққ Төтенше жағдайлар бөлімінен 2-қызметкер, №2 мамандандырылған өрт
сөндіру бөлімінен 2-техника 18-жеке құрам қатыстырылды.

 

Өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат шаралары жалғасуда

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағында орналасқан дүкендерге профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылд

 

Жылу беру маусымындағы үгіт-насихат шаралары жалғасуда

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарына профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды.

 

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, №19 өрт сөндіру бөлімі аудандык білім бөлімімен бірлескен жоспарға сәйкес, түрлі кауіп-қатерлерге, оның ішінде өрттерге ден қою дағдыларын қалыптастыру мақсатында ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдарында оқу-жаттығулар өткізілуде.
Оқу-жаттығулар барысында
Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру ұйымдары персоналы мен окушыларының бекітілген алгоритмдерге сәйкес әрекет ету
дағдыларын үйретті.

 

Келес ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына «Жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерді аралап тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алатынын ескертті.

 

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОНАҚТАРЫ МЕН ТҰРҒЫНДАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Түркістан облысының барлық аумағында «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілетін болады.
Оқу-жаттығулар қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында жүргізіледі. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық (аудандық және қалалық) кіші жүйелерінің күштері мен құралдары іске қосылатын болады.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы автобекеттердегі жүргізушілерге және тұрғындарға

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жолда мұз қату кезіндегі жол қауіпіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында ескертпе жұмыстарын жүргізді.

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекені, Черемушка көшесінде орналасқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне, жылу беру маусымында үгіт-насихат шаралары жалғасуда және қауіпсіздік ережелерін толық түсіндіріліп, жаднама парақшалары таратылды.

 

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен оқу орындары бірлесіп, түрлі кауіп-қатерлерге, оның ішінде өрттерге ден қою дағдыларын қалыптастыру мақсатында ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдарында оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр.
Сонымен қатар, оқу-жаттығулар мен жаттығулардың маңызды аспектісі
Төтенше жағдай туындаған кезде білім беру ұйымдары персоналы мен
окушыларының мінез-құқылның бекітілген алгоритмдерге сәйкес әрекет ету
дағдыларын арттыру болып табылады.

 

Кентау қаласы Уалиханов көшесі бойында жаңадан салынған көппәтерлі тұрғын үйлерге жылыту маусымында улы газбен уланудың алдын-алу бағытталған өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау іс-шаралар.

2022 жылдың 21- қараша күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №12 ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, және Кентау қаласының газ қызметкерлерімен Кентау қаласы, Уалиханов көшесі №160,161,162 көппәтерлі тұрғын үйлерге газ берлуіне байланысты, жағдайы төмен отбасылар және көп балалы тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газбен уланудың алдын-алу жәнебалалардың терезеден құлап кетту жәйттерін болдырмау мақсаттында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды

 

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылыту маусымына күнделікті аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылуда.

 

Жылу беру маусымындағы үгіт-насихат шаралары жалғасуда

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарына профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды.

 

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Мамандықты – таңдау» тақырыбында 11-сынып оқушыларына арнап, жиналыс өткізді. Жиналыс барысында оқушыларға «М.Ғабдуллин  атындағы Азаматтық қорғау академиясына» оқуға түсудің талаптары түсіндірілді.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы қызмет бабында ерлікпен қайтыс болған Асқар Забикулиннің отбасына, туыстарына қайғыларына ортақ болып, көңіл айтады. Бүгінгі күннің батырдың ерлігі мәңгі есімізде қалады.

 

М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге шақырамыз.

Созақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Қ. Есенбек, № 11 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Б. Әлиевпен Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушыларына М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясындағы мамандықтарымен таныстыра кетті. Сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережелерімен, бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдерінде айта кетті. Іс шара соңында жадынама парақшалары таратылды.

 

Сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігі тексерілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтуіне орай Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сайлауды өткізу кезеңінде Түлкібас ауданындағы 60 сайлау учаскелеріне өрт қауісіздігі мен төтенше жағдайларды қамтамассыз ету мақсатында тексерулер жүргізді.
60 сайлау участкелерінің өрт қауіпсіздігі жағдайына АТЖ бөлімімен комиссиялық қарау жұмыстары жүргізіліп, сайлау учаскелерінде жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша нұсқаулық түсіндірілді.
18.11.2022 жылы аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында АТЖ бөлімінің ұйымдастыруымен адами әлеуетті дамыту бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, барлық сайлау учакелерінің басшылары қатысуымен 2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қаупсіз өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы ТЖ вице-министрі генерал-майор М. Күлдіков пен бекітілген іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.

 

Кентау қаласы Балаби қары медресесіне 2022 жылдың 17-қараша күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балаби қары медресесінде білім алып жатқан 70-ке жуық шәкіріттерді, өрт қауіпсіздігі және электр құралдарын пайдалану кезіндегі және разеткаға ұялы телефоның қуатағышын қосып қалдырып кетпеуге айтып түсіндіріліп өрт қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды.

 

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтуіне орай аудан аумағындағы сайлау учаскелерін аралап түсіндірме жұмыс жүргізіп жадынама парақша таратты.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасы күні өтеуіне орай Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сауран ауданында орналасқан сайлау учаскелерін аралап, сайлау учаскелерінің төрағалары мен хатшыларына сайлау кезіндегі өрт қауіпсіздікті қатаң сақталуын ескертіліп,түсіндіріліп, сайлауға дайындығы пысықталды.

 

2022-жылдың 17 қараша күні Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және аудан әкімшілік қызметкерлерімен Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округі, Темірлан елді мекені, Черемушка көшесі орналасқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне газ қосылғаны бойынша қауіпсіздік ережелерін толық түсіндіріліп, жаднама парақшалары таратылды.

 

Жетісай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және 3 МӨСБ қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Жетісай ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, тұрғындарға жадынама парақшалары таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *