Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асырылуда

Spread the love

Түркістан облысында «Ecoinvest» ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында.  Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады.  Сонымен қатар, «Эко Культура» АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Тан Сари Трейдинг А» ЖШС «бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен» құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 — 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *