Қасиетті Рамазан айына орайластырылған шарада салт дәстүрімізбен бірге келе жатқан жарапазан дәстүрі кеңінен насихатталды. Шараға Түлкібас ауданы әкімі Нұрлан Байғұт, Түркістан облысының наиб имамы Самат Анарбаев, ауданның бас имамы М.Серік қатысты. Байқау нәтижесінде бас жүлдені түлкібастық «Арша» тобы қанжығасына байлады. I орынды Төлеби ауданынан келген «Төлеби сазы» фольклорлық ансамблі, II орынды Отырар ауданынан келген «Отырар» триосы иеленсе, III орын Келес ауданының өнерпаздарына бұйырды. Ал, аудан әкімінің арнайы сыйлығы «Созақ серілерінің» еншісінде кетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпат табысталды. Жарамазан дәстүріне сай өнерпаздар жиналған жұртқа ақ батасын беріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.