Түркістан облысында ауылшаруашылығыныӊ ауқымды әлеуетін іске қосу мақсатында Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі деп жоспарланған болатын. Осыған сәйкес облыстыӊ Отырар ауданында жүгері кластерін дамыту аясында дақылды тереӊ өӊдейтін қос бірдей өндіріс ошағы ашылғалы отыр. Естеріӊізге салсақ, былтыр Отырар ауданында жүгері кептіру және сақтау кешені ашылды. «Отырар дән» кәсіпорны жылына 15 мыӊ тонна дақылды кептіріп, сақтауға қауқарлы. Қазір мұнда екі ауысымда 35 адам жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын озық технологиямен жұмыс істейді. Алдымен жүгері дәні собығынан алынып, кептіріледі. Содан кейін қамбаларда сақталады. Кептіретін құрал-жабдықтар Англиядан, сақтау құрылғылары Қытайдан арнайы алдырылған. Бұл аудандағы индустриялық аймақта бой көтерген алғашқы кәсіпорын. Ауданныӊ брендіне айналған дақыл биыл 7 мыӊ гектарға егіліп, әр гектарынан 120 центнерден өнім алынған. Отырар өӊірі 2021 жылға дейін алқапты 15 мыӊ гектарға жеткізіп, жүгері кластерініӊ негізін қаламақшы. Бұдан бұрын да хабарланғандай, бұған дейінгі облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өӊір халқына берген есебінде ауылшаруашылығы саласында болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы былай деген еді: Үшіншіден. Ауылшаруашылық саласын дамыту. Бұл саланыӊ потенциалы өте үлкен. Сондықтан да, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады. Ауылшаруашылық саласын реформалаудыӊ басты бес бағытын белгіледік. Бірінші. Суармалы жерлерді ұлғайту. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы 5 жылда қарастырылған қаржыныӊ бестен бірі облысқа бөлінеді. Нәтижесінде, бес жүз жиырма бес (525 мыӊ) мыӊ гектар жердіӊ су жүйелері жақсарады. Екінші. Фермерлерге берілетін төмен пайызды несие көлемін арттыру. Биыл бұл мақсатта «Максимум» орталығы арқылы 10 млрд. теӊге бөлінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қырық бес пайызға (45%) өсіп отыр.
Медиаон ақпарат